uzluga.ru
добавить свой файл
1 2 ... 4 5



«Көкпекті ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ

стратегиялық жоспары

2011-2015 жылдарға


с. Кокпекты– 2011 г.


Мазмұны


1.

Атқару және болжам

3

2.

Өткен жылдар сараптамасы

3

2.1.

Жер ресурстарын пайдалану және жерлердің жағдайлары

3

3.

«Көкпекті ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ Стратегиялық бағыты, мақсаты және шешу жолдары


8

4.

Функционалдық мүмкіндіктері

11

5.

Құқықтық нормативтік актілер

14

6.

Бюджеттік бағдарламалар

16




1. «Көкпекті ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ атқаруы және болжамы




Атқару

Жер қатынастарының тиімді дамуын, жер ресурстарын жаңаша және тиімдлі пайдалануды, жердің сапалық жағдайын арттыру және маниторинг, ауданның жер ресурстарын бөлуге есеп жүргізуді, жер телімдерін берудің ашықтығын және жерге орналастыру жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз ету.

Болжам

Қазіргі жер жағдайын айқындайтын, жер қатынастары жүйесін тұраты дамыту, жерлердің сандық және сапалық жағдайларын арттыру, жер ресурстарына қатысты ақпараттарға еркін кіру.

2. Өткен жылдар сараптамасы




2.1. Жер ресурстарын пайдалану және жердің жағдайы




Қолданыстағы заңнамаларға сәйкес, «Жердің барлығы және оларды санаттары бойынша, меншік иелері мен жер пайдаланушыларға берілген алқаптар бойынша» бөлім жердің жылдық балансасын жасау бойынша жер-есебі жұмыстарын жүргізеді. Соңғы 3 жылдың (№ 1 кесте) сараптамасы бойынша меншік иелері мен жер пайдаланушылардың артып келе жатқаны байқалады. Сондықтан жердің құқықтық қатынастарына қатысты ақпарараттарды алу қажеттілігі артады.

Бүгінгі күнге заңды және жеке тұлғалардың жер телімдеріне қатысты сұрақатрына жауап беру үшін, алдымен Шығыс Қазақстан мемлекеттік еншілес кәсіпорынынан ақпарат сұрап, олардан жауап алғаннансоң ақпараттарды оларға бере аламыз. Осыған байланысты мемлекеттік жер кадастры мәліметін шұғыл беру мүмкіншіліктері жоқ.

Жер-кадастр мәліметтерін беру мәселесі, барлық мүдделі мекемелермен байланысқан ақпараттық жүйе іске қосылған жағдайда ғана шешілуі мүмкін.

Жер ресурстары бойынша аталған мәселенің шешілуі, жердің саны мен сапасы туралы нақты ақпаратты беруге мүмкіндік берер еді.


№ 1 кесте– Жер санаттары бойынша жерді пайдалану туралы ақпарат



р/с

Жерлер санаты

2008 жыл

2009 жыл

2010 жыл

2010 жылдың. 2008 жылмен айырмашылығыг.

1

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер

402163

426641

473427

71264

2

Елді мекен жерлері

172686

172686

172686

0

3

Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және ауыл шаруашылығы емес басқа жерлер

3583

3525

3529

-54

4

Табиғи ерекше қорғау аймақтары

13957

13957

13957

0

5

Орман қорының жерлері

72874

72874

72874

0

6

Су қорының жерлері

109133

109133

109133

0

7

Босалқы жерлер

683140

658720

611930

-71210




Аудан бойынша жиыны:

1457536

10457536

1457536

0



Сараптамаға сәйкес босалқы жер қорынан жер пайдаланушыларға жер беру арқылы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 2008 жылмен салыстырғанда 2010 жылы 71264 гектарға ұлғайып отыр


№ 2 Кесте – Ауыл шаруашылығы құрылымдарына бекітіліп берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердегі егістік алқаптары туралы ақпарат., (га).



р/с



Селолық округтер атауы

2008 жылғы 01.11. егістік алқаптары


2009 жылғы 01.11. егістік алқаптары



2010 жылғы 01.11. егістік алқаптары



2008ж 2010 ж

салыстырғанда




Кокпекті

6916

2929

2937

-3979




Карағандыкөл

24

24

24

0




Үлкенбөкен

11084

9947

8904

-2180




К. Аухадиев атын.

11402

12659

12830

+1428




Тассай

13

13

13

0




Теректі

9974

9159

8663

-1311




Биғаш

1174

4452

4404

+3230




Көкжайық

17796

14421

16054

-1742




Шұғылбай

3750

3680

3184

-566




Үлгілімалшы

2247

3775

1920

-327




Палатцы

5709

5564

5010

-699




Нофотимофеевка

3560

3519

3313

-247




Казнаковка

5022

6888

6153

+1131




Мариногорка

11821

14329

14185

+2364




Белый

12714

12872

14571

+1857




Бастаушы

4034

6520

4923

+889




Самар

13336

18414

13752

+416




Миролюбовка

3687

4750

3779

+92




Жиыны:

124226

133915

125056

+830


Сараптамаға сәйкес ауыл шаруашылығы агроқұрылымдарына бекітіліп берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердегі егістік жерлер 2010 жылы 2008 жылмен салыстырғанда 830 гектарға ұлғайған.


Кесте 3 – Ауыл шаруашылығы агроқұрылымдарына беітіліп берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердегі тың жерлер туралы ақпарат, (га).



р/с

Селолық округтер атауы

2008 ж 01.11.

тың жерлер, га

2009 ж 01.11.

тың жерлер, га

2010 ж 01.11.

тың жерлер, га

2010 ж мен 2008 ж

айырмашылығы

1

Кокпекті

1411

586

737

-674

2

Карағандыкөл

339

123

1858

+1519

3

Үлкенбөкен

125

125

258

+133

4

К. Аухадиев атын.

1181

154

436

-745

5

Тассай

1136

161

247

-889

6

Теректі

906

883

1678

-772

7

Биғаш

1565

228

246

-1319

8

Көкжайық

904

643

1950

+1046

9

Шұғылбай

1444

253

807

-637

10

Үлгілімалшы

909

242

1099

+190

11

Палатцы

1514

305

1265

-249

12

Нофотимофеевка

543

129

130

-413

13

Казнаковка

1275

419

363

-912

14

Мариногорка

2144

253

1592

-552

15

Белый

737

368

1603

+866

16

Бастаушы

1135

131

1051

-84




Жиыны:

17268

5003

16521

-747



Тың жерлердің көлемі 2010 жылы 2008 жылмен салыстырғанда 747 гектарға азайған.


Бүгінгі күнге аудан үшін басты мәселе - жерлерді ұтымды пайдаланбаумен күрес болып саналады.

Аудан тұрғындары ауылды жерлерде тұрады және олардың көпшілігі аграрлық секторға және жерді пайдалануға, одан түсетін түсімге тура тәуелді болып келеді. Осыған байланысты ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді түгендеуге аса көңіл аудару қажет.


Жерлерді түгендеу, алдағы уақытта нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмайтын, тиімді пайдаланылмайтын және пайдаланылмай жатқан жерлерді анықтауға көмек етеді.

Жерлердің сапалық жағдайын және нысаналы мақсаты бойынша пайдалануын қадағалау үшін 2004 жылдан бастап республикалық бюджет есебінен жер телімдерін төлқұжаттандыру жұмыстары жүргізіліп келеді, осының барысында әрбәр жер пайдаланушыларға белгіленген үлгідегі берілген жерлердің толықтай сипаты көрсетілген төл құжаттары тапсырылады. Аудан бойынша 2010 жылдың 31 қаңтарына ауыл шаруашылық құрылымдарына, республикалық бюджет қаражатымен әзірленген, 562 жер теліміне 484 төлқұжат дайындалып берілген.

Ауыл шаруашылығы құрылымдары жерлерін одан әрі төлқұжаттандыру және төлқұжат деректерін жаңарту бойынша жұмыстар жүргізу қажет.

Қазақстанның жахандық бәсекелестіктегі алып отырған бағасы бойынша, бұдан басқа да мәселелер орын алып отыр. Қазіргі жағдай сараптамасын көңілге ала отырып, Қазақстанды әлемдегі бәсекелік қабілетті халықаралық бірлестік мойынду бойынша алға қойылған тапсырманы есепке ала отырып Көкпекті ауданы жер қатынастары бөлімінің алдында ауданның рейтінгісін жоғарлатуға және жер ресурстары туралы нақты ақпратты қамтамасыз ету бойынша стратегиялық бағыт анықталған.

Рыноктық экономиксы бар елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, экономиканың дамуы белгілі бір мөлшерде салық төлеушілер туралы жер кадастрының ақпараты негізінде, жер салығының базасын анықтайтын жер телімінің кадастрлық құны негізінде , жер үшін төленетін төлемдер жүйесін қалыптастырумен байланысты екенін көрсетеді.

2011 жылдың 1 қаңтарына жалпы құны 20 миллион 703,1 мың теңге тұратын ауыл шаруашылығы мақсатындағы көлемі 13,0 мың гектар болатын 18 жер телімдері жеке меншікке сатылды.

2010 жылы ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес жалпы құны 3 миллион 913,6 мың теңге тұратын, көлемі 2,0254 гектар болатын 52 жер телімдері жеке мешікке сатылды.

2010 жылы жер телімдерінің жер пайдалану құқығы сатылған жоқ.

Табиғатты қорғау бойынша жерге мемлекеттік меншік құқығының бірінші кезеңдегі маңызы, сондай ақ қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыру және қамтамасыз ету қолданыстағы жер заңнамаларының ерекшелігін құрайды.

Жер реформасының маңызды кезеңінің бірі, қазіргі уақытта мемлект экономикасы құрылымын қайта құру элементінің бірі ол жер нарығын дамыту болып саналады.

Біздің облыста кең тараған жер телімдеріне деген мемлекеттік меншік құқығын аукционда, конкурстарда және сауда-саттықта сату келешегі бар тәсілдің бірі болып саналады.

Олар жерді тиімді пайдалануға, әлеуметтік және инженерлік инфроқұрылымдардың дамуына отандық және шетелдік инвестицияларды тартуға, бюджетке қосымша қаражат түсуге, жер телімдерін табыстау кезінде жариялялықты қамтамасыз етуге,жер пайдалану саласында бәсекелестік ортаны қалыптастыруға ең ықтимал қолайлы жағдайды туғызуға мүмкіндік береді.

2011 жылдың 1 қаңтарына аудан бойынша жер телімдері заңды және жеке тұлғаларға аукцион және сауда-саттық арқылы табысталған жоқ.. Оның басты себептері ауылдық жерлерде жер телімдеріне аса сұраныстың жоқтығы, және де жер телімдерінің сыртқы шекараларын анықтауға, оның қадастрлық құнын белгілеуге, нысан құрылыстарын инженерлік-техникалық желілерге қосу үшін техникалық жағдайын анықтауға, сауда-саттықты жүргізу туралы бұқаралық ақпараттар арқылы хабарландыру беру үшін бөлімнің бюджетінде қаражаттың қаралмауынан.



следующая страница >>