uzluga.ru
добавить свой файл
1 2 3 4




Қазақстан Республикасы статистика агенттігі

ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ СТАТИСТИКАСЫ ДЕПАРТАМЕНТІ




"БЕКІТЕМІН:"

Төрағаның бірінші орынбасары

______________ Ю.К. Шоқаманов

2000 жылғы " 05 " шілде № 22


Шағын кәсіпорындарды іріктемелі зерттеу әдіснамасы
(сауда мен қызмет көрсету саласында 20 адамға дейін


жұмыспен қамтылғандар саны)



Алматы қаласы 2000


МАЗМҰНЫ


Бет



  1. КІРІСПЕ ……………………………………………………….........………………. 3

    1. Негізгі ұғымдар, анықтамалар мен терминдер..........…………….……….. 3

  2. ІРІКТЕМЕ ЖОСПАРЫН ҚҰРУ ………………………………………………….. 5

    1. Іріктемелі зерттеудің мақсатын қою...................………………………….. 5

    2. Бас жиынтықты қалыптастыру (іріктеме негіздері) ……...............………. 6

    3. Іріктеме стратегиясы ………………....……………………………………… 7

    4. Стратификация ……………………………………………………………….. 8

    5. Іріктеме көлемін бөлу (аллокация) …………..……....................…………… 11

    6. Дискриптивті статистика ………………………………………………...….. 12

    7. Экстраполяция ………………………………………………………………… 16

    8. Бағалау әдістері ……………….........…………………………………………. 18

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ………………...........………………………………… 19



  1. КІРІСПЕ


Статистикалық әдіснама байқаудың жаппай және жаппай емес әдісін ажыратады. Жаппай емес байқаудың барлық түрлерінен бастысы болып іріктемелі (ықтималдық) әдіс болып табылады, себебі тек іріктемелі әдіс қана бақылау объектілерінің барлық жиынтығының неғұрлым аз статистикалық жүктемелер мен қаржылық нәтижелер бөлігі бойынша сапалы сипаттама бере алады.

Қазақстандағы нарық қатынастары дамуының ағымдағы кезеңі мен статистикалық зерттеу әдістерінің халықаралық стандарттарға сәйкес кәсіпорын статистикасына көшуі жағдайында жарамды дәлдіктегі қажет мәліметтерді алу үшін кәсіпорындарды зертеудегі ықтималдық тұрғыға негізделген және жеткілікті болады. Қазіргі статистикалық байқаудың іріктеме әдістемесі басты жиынтық қасиеттерін неғұрлым толық және дәл бере алатын репрезентативті (келбетті) іріктеме алу үшін тиімді құралдар тізімінен тұрады.

Іріктемелі байқау жүргізудің қазіргі кездегі тәжірибесіне тән сипаты бақыланушы элементтер бастапқы жиынтығының белгісіз параметрлері болатын нәтижелердің дәлдігін арттыру, яғни жоғары ықтималдылықпен төмен шектерін белгілеу мүмкіндігін кеңейту мен іріктеменің кездейсоқ қателерін төмендету болып табылады.

Нарықтық экономикадағы шұғыл өзгерістер мен экономикалық қызметтің ауыспалы сипатты көптеген шағын шаруашылық субъектілерінің қарқынды өсімі жағдайында іріктемелі байқау статистикалық зерттеу тәжірибесінде неғұрлым жоғары қолданысқа ие болып жатыр, бұл алдыңғы уақытта іріктемелі байқаудың анық статистикалық ақпараттың маңызды көзіне айналу мүмкіндігін ұйғаруды негіздейді.


    1. Негізгі ұғымдар, анықтамалар мен терминдер.

Ықтималдылық іріктеме – бұл ықтималдылық теориясын қолдану көмегімен алынған іріктеме. Ықтималдылық іріктемеде белгіленген басты жиынтықтың әрбір элементінің нөльге тең емес, белгілі іріктемеге түсу ықтималдылығы бар. Ықтималдылық көлемі 0-мен 1-ді қоса алғандағы аралықта ауытқиды.

Іріктемелік жиынтық – сұрыптау үдерісінде іріктемеге түскен таңдалған элементтердің жиынтығы.

Бас жиынтық – сұрыптау өткізілетін элементтердің (бақылаудың статистикалық бірліктері) жиынтығы.

Дискриптивті статистика – зерттелетін жиынтық көрсеткіштерін алу мүмкіндігін анықтайтын әдістердің сипаттама статистикасы.

Дисперсия – бағалау қызметінің бағалау көрсеткіштері мен математикалық күту арасындағы барлық айырымдар квадратының орташасы. Дисперсия бағалау қызметінің бағалау көрсеткіштерінің математикалық күтімге қаншалықты жақын орналасқандығын көрсетеді. Дисперсия төмен болған жағдайда бағалау формуласы статистикалық дәл болып табылады. Тәжірибе жүзінде, көптеген жағдайда параметр дисперсиясын анықтау үшін барлық мүмкін іріктемелерді өткізу мүмкін емес, алайда көптеген жағдайда оның көлемі бірнеше іріктеме негізінде бағалануы мүмкін.

Сенімді аралық –ықтималдылықтың "ақиқат" көлемі орналасқан, ереже бойынша 0.95 ке тең, аралық мағына.

Корреляция – екі ауыспалы арасындағы байланыс өлшемі. Корреляция біріне бірі пропорционалды екі ауыспалы көрсеткіштер деңгейін анықтайтынын айтуға болады. Корреляция коэффиценті -1.00 мен +1.00 аралығында өзгере алады. -1.00 көрсеткіші толықтай теріс корреляцияны білдірсе, +1.00 көрсеткіші оң корреляцияны білдіреді. 0.00 көрсеткіші корреляцияның жоғын білдіреді.

Вариация коэффициенті – параметрдің бағалау көрсеткішіне бөлінген дисперсияның бағалау көрсеткішінің квадраттық түбірі. Бағалау формулаларының ығыспаған (не ығыспағанға жақын) нақтылығын анықтайды. Вариация коэффициентінің 10%дан жоғары болуы іріктеменің салыстырмалы жоғары қатесі барын көрсетеді. Мұндай жағдайларда алынған нәтижелерді әдетте жарияламайды.

Бағалау қызметінің математикалық күтімін бізге қажетті сипаттамаларды кезекті бақылау мен көпмәртелі қайталама іріктемелер соңында алынған барлық бағалау көрсеткіштерінің орташасы ретінде анықтауға болады. Математикалық күтім бағалау функциясын бөлуде белгісіз (ізделуші) параметрдің көрсеткішімен әрдайым сәйкес болмайтын ауырлық орталығы ролін атқарады.

Бағалау қызметі – параметрлердің бағалаушы көрсеткіштері көмегімен есептелетін математикалық функция.

Бағалаушы көрсеткіштер – іріктемелі зерттеу нәтижелеріне негізделіп шыққан деректер. Олардың көлемі барлық бас жиынтықтың бағалары болып табылады. Мысалға, іріктемелі жиынтықтың орташа мәні
бас жиынтықтың орташа мәнінің бағасы болып табылады.

Іріктемелі бақылаудың қатесі (), яғни іріктеме қатесі – іріктемелі бақылау нәтижесі бойынша анықталған бас жиынтықтағы параметр көлемі (X) мен оның көлемі () арасындағы айырым, яғни =X- немесе X= . көлемі кейде іріктеменің шекті қатесі деп аталады. Репрезентативті қате іріктемелі бақылауға лайық және де ол іріктемелі жиынтықтың бастысын толық қалпына келтірмейтіндіктен туындайды. Репрезентативті қателерден қашу мүмкін емес, алайда үлкен сандар заңының шекті теоремаларын қолдануға негізделген ықтималдылық теориясының әдістерін қолдану арқылы қателерді жеткілікті жоғары нақтылықпен белгіленген шекаралы минималды көрсеткіштерге теңестіруге болады.

Параметрлер – бағалаушы көрсеткіштер берілетін бас жиынтықтың ізделімді (белгісіз) көлемдері. Зерттеу жоспарын әзірлеу кезеңінде параметрлердің мәндеріне барынша жақын мәнді бағалаушы көрсеткіштерді бере алатын әдістерді таңдау қажет.

Іріктеме жоспары - мақсатты жиынтық пен іріктеме бірліктерін, сондай-ақ мүмкін іріктемелер ықтималдылық деңгейлерін анықтайтын ерекшеліктер тобы.

Ығысу – математикалық күтім мен жиынтықтың берілген параметр мәні арасындағы айырма. Егер де ығысу нольге тең болса, онда бағалаушы формула ығыспаған болады. Ығысу бас жиынтық пен іріктемелі жиынтық толықтай жабылмаған кезде, сонымен қатар іріктеме бойынша ақпаратты алмаудың (респонденттердің жауап бермеген жағдайлары) салдары болуы мүмкін. Ығысудың болмауы бағалаушы функцияның қалаулы сапасы (қасиет) болып табылады, себебі көпмәртелі іріктемелер кезінде нәтижелер жүйелі жоғарылатылған не төмендетілген болмайтынына кепіл береді.

Стандартты қате (орташа квадраттық ауытқу) – бағалаушы көрсеткіштер мен параметрлер арасындағы орташа квадраттарының айырымы. Орташа квадраттық ауытқу бағалаушы көрсеткіштердің параметрге жақындату деңгейін сипаттайды.

Стратегия – іріктеме жоспары мен бағалаушы функцияның үйлесімі.

Мақсатты жиынтық – мүдделер облысы мен зерттеу мақсаттары. Физикалық қойылған мақсаттарға сәйкес бірқатар қасиеттерге ие және зерттелуге жататын статистикалық бірліктер кешені ретінде берілуі мүмкін.



  1. ІРІКТЕМЕ ЖОСПАРЫН ҚҰРУ

Іріктемелі зерттеудің қазіргі заманғы әдістері экономика саласындағы бақыланушы үдерістер мен құбылыстарды талдау мен байқау үшін шығындарды азайту және кең мүмкіндіктер беру тұрғысынан тиімді негізде берілген дәйекті мәліметтерді алуға мүмкіндік береді. Іріктемелі зерттеудің әлгі не өзге әдістері жарамдылығының негізгі критерийлері:

көрнектілік, жалпы жиынтықтың тиісті параметрлеріне қатысты іріктемелі жиынтықтың негізгі сипаттамалары мәндерінің ауытқуын 5 % дан жоғары емес болатындай қамтамасыз ететін іріктемені алуды білдіреді;

  • іріктеме негізінде жасалған бағаның өлшенуші дәйектілігі мен нақтылығын;

  • тәжірибеде іріктеме жоспарының тиімділігі мен іске асырылуын .

Жалпы түрде іріктеме жоспарына келесі тармақтар кіреді:

  • іріктемелі бақылаудың мақсаты мен міндеттерін анықтау;

  • іріктеменің (бас жиынтық) негізін анықтау;

  • іріктеу әдісін таңдау;

  • іріктемелі жиынтықты қалыптастыру;

  • мәліметтерді бағалау және өңдеу.

Іріктеме жоспарына бағалаушы көрсеткіштерді көрсетуге белгіленген басымдықтар және жарияланушы көрсеткіштерді топтастыру критерийлері үлкен әсер етеді.



    1. Іріктеме байқауының мақсатын қою.

Мақсатты жиынтық статистикалық мәліметтер түрінде көрінетін зерттеу мақсатын көрсетеді. Мақсатты жиынтық элементтер кешені (статистикалық бірліктер) ретінде анықталады, олардан байқаудың мақсатына сәйкес статистикалық мәліметтер алынуы тиіс. Мақсатты жиынтық облысын белгілеудің негізгі құралы статистикалық бірліктер мен жіктелімдер қабылдаған ұғымдар, сонымен қатар жиынтықты қалыптастыруға қойылған критерийлер болып табылады.

Зерттелетін көрсеткішер экономика саласында болып жатқан зерттелуші құбылыстардың статистикалық талдауына барлық қажетті мәліметтерді оңтайлы түрде жинақтауға мүмкіндік беретіндей әзірленген сұрақнамада бейнеленеді.

Мысалға:

Байқау мақсаты бейресми экономика секторы бойынша мәліметтерді есепке алғандағы компьютерлік қызмет көрсету саласындағы 1999 жылғы жылдық айналым туралы анық мәліметтерді алу болып табылады.

Байқаудың қойылған мақсатынан мақсатты жиынтықты 2000 жылдың 01 қаңтарында бар негізгі қызмет түрі ЭҚТӨЖ (Экономикалық қызмет түрі бойынша өнімнің жіктелімі) бойынша 72 кодымен жіктелген, сонымен бірге компьютерлік қызмет көрсетуші жеке тұлғаларды барлық кәсіпорындар кешені ретінде анықтауға болады. Жиынтықтың элементі ретінде Кәсіпорын, Жергілікті Бірлік, Жеке Кәсіпкерлер түріндегі бақылаудың статистикалық бірліктері алынады.



    1. Бас жиынтықты қалыптастыру


Іріктеменің негізі ретіндегі бас жиынтықты қалыптастырудың неғұрлым сәйкес дереккөзі болып статистикалық байқауды ұйымдастыру мен үйлестіру мүмкіндігін беретін кәсіпорындар туралы негізгі мәліметтері бар кәсіпорындардың Статистикалық Тіркелімі болып табылады. Статистикалық Тіркелім мәліметтеріне сүйене отырып, бұл көрсеткіштердің мақсатты жиынтықта қалыптастырылған және белгіленген байқау мақсаттарынан шығатын талаптарды толық қамтамасыз ете алмайтынын да есепке алу керек. Тәжірибеде мақсатты және бас жиынтық ажыратылады, сондықтан бас жиынтықтың мақсаттыға неғұрлым толықтай жауап беретіндігіне ұмтылу қажет. Мақсаты мен бас жиынтық ақпараттарындағы айырмашылық альтернативті дереккөздерден, не шартты есептеу мен санақтың әртүрлі әдістерін қолдану арқылы толықтырылуы керек.

Бірде бір Статистикалық Тіркелімнің мүлтіксіз болуы мүмкін еместігін есепке ала отырып, іріктемелік байқау нәтижелерінің дәлдігі мен сапасын жақсарту және іріктеменің оңтайлы жоспарын құру мүмкіндігін қамсыздандыру үшін оның мәліметтерін кезеңмен көкейтесті ету қажет.

Статистикалық Тіркелімнен мәліметтерді есептеп шығару жолымен бас жиынтықты қалыптастыру үшін алдымен қабылданған ұғымдар мен келісімдерге сәйкес байқаудың статистикалық бірліктері түрін анықтау қажет. Бұл «Кәсіпорын», «Жергілікті бірлік» және т.б. болуы мүмкін.

Байқаудың қойылған мақсаттарына байланысты статистикалық тіркелімнен бас жиынтықты сипаттайтын белгіленген критерийлер бойынша элементтердің жиынтығы бөлінеді. Бас жиынтықты бөлудің негізгі критерийлері жіктелімдер коды, кәсіпорындардың көлемі белгілері мен т.б. болуы мүмкін. Бас жиынтықты таңдау критерилерінің бірі болып кәсіпорын қызметінің белсенділігі бола алады. Мысалға, бас жиынтыққа белсенділік белгісі бойынша 0, 1 мен 2 коды бар статистикалық бірліктер алына алады:


  • 0 – қайта енгізілген кәсіпорындар;

  • 1 – қызмет етушілер;

  • 2 – уақытша жұмыс істемеуші.


Мысал ретінде, сауда саласын пилоттық байқау жүргізген кездегі бас жиынтық ретінде көтерме және бөлшек саудаға сәйкес ЭҚТЖЖ, 2-нұсқасы (Экономикалық Қызмет түрлерінің Жалпы Жіктелімі, 2-нұсқасы) бойынша жіктелген негізгі экономикалық қызмет түрінің кодымен 0, 1, 2 белсенділік кодымен жұмыспен қамтылған адамдар саны 0 мен 20 аралығындағы Кәсіпорындар мен Жергілікті бірліктер таңдалды.



    1. Іріктеме стратегиясы


Халықаралық сарапшылардың ұсыныстары мен алдыңғы зерттеу тәжірибелерін назарға ала отырып, кәсіпорынның статистикасы үшін іріктемелі бақылауды жүргізудің келесі стратегиясын ұсынуға болады:

1. Белгіленген бас жиынтық қолданылады. Ұзақ мерзімді кезеңнің (жылдың) басына құрылған кейінгі қысқа мерзімді кезеңдер (тоқсандар) барысында өзгермейді. Қайтарымсыз іріктеменің жіктелген кездейсоқ әдісі қолданылады. Тауар айналымы мен көлем класстары, қызмет түрлері, өңірлер бойынша страт дизайны.

2. Іріктеме жылына бір рет жасалады және бүкіл жыл бойы қолданылады. Жіктерден іріктеме көлемі белгіленген түрде қалады, яғни әрбір қысқа мерзімді кезең бойынша бағаларды алу үшін кәсіпорындар өзгеріссіз қолданады.

3. Жаңа пайда болушы кәсіпорындар жеке стратқа бөлінеде және саны аз болған жағдайда тегіс қамтуға жатады. Таратылған кәсіпорындар жойылмайды және тауар айналым көлемі не көрсетілген қызмет көлемдері нольдік мәнде қалады. Дисперсия көлемін бағалау жағынан бұл маңызды, себебі тауар айналымның бізге қажетті жиынтық көрсеткішіне қатысты баға өзгермейді. «Нольдік» страттан іріктеме нормасы, яғни нольдік көрсеткішті страттар көлемі минималды 5% - 10% болуы керек. Бұл туындаған жағдайдың негізгі беталысын анықтауға жеткілікті.

4. Жыл соңында бас жиынтыққа түзетулер енгізеледі. Таратылған кәсіпорындар жойылып, жаңалары қосылады. Кәсіпорын қызметінің негізгі түрі не көлемі өзгерген жағдайда іріктеме негізіне сәйкес түзетулер енгізіледі. Тіркелімдегі құрылымдық өзгерістерді жою үшін кәсіпорындардың шоғырлануы (қосылуы) мен шоғырланбауының (бөлінуі) туындаған жағдайларын ескеру керек. Келесі жылы іріктемелі бақылау жаңартылған тіркелімге негізделеді, сондықтан жылдық бағалар нашарламайды.

Ұсынылған стратегияның келесі артықшылықтары бар:

  • іріктеме техникасының қарапайымдылығы;

  • іріктеме ұзақ мерзімді кезеңге бір рет жасалынады;

  • іріктеме тұрақты, бұл екі кезеңді салыстырғандағы дамудың бағасын алу мүмкіндігін береді;

  • жаңа енгізілген кәсіпорындар бар кәсіпорындарға сәйкес болған жағдайда бағалардың сенімділігі мен анықтылығы жоғары.

Кемшіліктеріне мыналарды жатқызамыз:

  • әрбір кезекті қысқа мерзімді кезең сенімділігі аз бағалар береді;

  • бағалау үшін салмақ өздерінің қызметін енді бастаған жаңа кәсіпорындар есебінен түзетіледі;

  • таратылған кәсіпорындар жойылмайлы және жылдың соңына дейін сақталады.

Кемшіліктері болғанына қарамастан ұсынылған іріктемелі зерттеу стратегиясы қызмет көрсету мен сауда статистикасы саласында қолдану үшін халықаралық сарапшылармен ұсынылған. Бұл халықаралық стандарттарға өтудің бастапқы кезеңдерінде орналасқан ұлттық статистикаға маңызды.


Келесі мысал ұсынылған стратегияны көрсетеді.


а, б, с, д жолдары жаңа енгізілген кәсіпорындарды сәйкестендіреді.


1-кесте











Қаңтар

Ақпан

Наурыз

р/р



Страталар



Қызметкерлер саны

Бас жиынтық бойынша тауар айналымы

Іріктеме бойынша тауар айналы-мы

Салмағы

(N/n)

Бағалау

Бас жиынтық бойынша тауар айналымы

Іріктеме бойынша тауар айналы-мы

Салмағы

(N/n)

Бағалау

Бас жиынтық бойынша тауар айналымы

Іріктеме бойынша тауар айналы-мы

Салмағы

(N/n)

Бағалау

1

1

1

666

666

10/2

3329

729

729

12/2

4373

790

790

13/2

5135

2

1

2

1115










1126










1179










3

1

3

1351










1384










1431










4

1

2

890










925










954










5

1

3

1251










1290










1338










6

1

2

1073

1073

10/2

5366

1162

1162

12/2

6975

1167

1167

13/2

7585

7

1

3

1207










1272










1280










8

1

4

1768










1842










1844










9

1

3

1264










1341










1412










10

1

2

843










905










930










а

1




0










700










690










б

1




0










850










875










с

1




0










0










1200










11

2

5

2150










2341










2374










12

2

7

2881

2881

6/2

5762

2979

2979

7/3

6952

3270

3270

7/3

7629

13

2

6

2457










2566










2582










14

2

9

3845

3845

6/2

7691

4230

4230

7/3

9869

4456

4456

7/3

10397

15

2

6

2430










2475










2584










16

2

7

2956

2956

6/2

5913

3194

3194

7/3

7452

3418

3418

7/3

7976

д

2




0










2700










2900










17

3

11

4530

4530

1

4530

4914

4914

1

4914

5294

5294

1

5294

18

3

15

6017

6017

1

6017

6156

6156

1

6156

6432

6432

1

6432

19

3

20

8292

8292

1

8292

8736

8736

1

8736

9194

9194

1

9194

20

3

13

5593

5593

1

5593

6140

6140

1

6140

6650

6650

1

6650


Кестеден көрiнгендей салмақ күшiне енген жаңа кәсiпорындардың санына байланысты әрбір кезеңде түзетедi. Жұмыс істеушілер саны бойынша үлкен көлемді страталар жаппай зерттелуге жатады.




следующая страница >>