uzluga.ru
добавить свой файл
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері белгілерін орналастыру ережелері

Рәміздерді қолдану Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007.02.10. № 873 «Мемлекеттік Туды, Елтаңбаны және Гимнді орналастыру Ережесі» қаулысына және ҚР ББ 989-2008 көрсетілген, орналастыру үшін техникалық талаптарға сәйкес жүзеге асады.

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРДІ ЭКСТЕРЬЕРЛІ НҰСҚАДА ОРНАЛАСТЫРУ

Мемлекеттік Ту




-  ғимаратқа кіреберіс маңдайшада немесе төбесінде орналастырылады

- ашық ауада ұшсыз Ту қолданылады.

Мемлекеттік Елтаңба



- соңғы қабаттың жабу деңгейінде немесе ғимараттың кіреберіс маңдайшасында орналастырылады
-Елтаңбаның көлемдісін орындау қолданылады.

  • Бір қабатты ғимаратта



Тудың көлемі: 1х2м (ғимаратқа кіреберіс маңдайшада орналастырылады), Елтаңба диаметрі: - 500 мм (ғимаратқа кіреберіс маңдайшада орналастырылады).

  • 2-5 қабатты ғимараттарда (20 метрге дейін)



Тудың көлемі: 1х2 м (ғимараттың төбесінде орналастырылады) Елтаңба диаметрі: 1 ден 1,5 метр (соңғы қабаттың жабу деңгейінде орналастырылады)

  • 6-9 қабатты (30 метрге дейін) ғимараттарда



Ту (1,5х3м ден 2x4м дейінгі өлшеммен) ғимараттың төбесінде орналастырылады; Елтаңба диаметрі: 2м, (соңғы қабаттың жабу деңгейінде) -500мм диаметрмен (ғимараттың кіреберіс маңдайшасында орналастырылады);

  • 9 қабаттан жоғары (30 метрден жоғары) ғимараттарда



Тудың көлемі 2x4м немесе одан жоғары өлшеммен (ғимараттың төбесі деңгейінде) немесе 1х2м өлшеммен (ғимаратқа кіреберіс маңдайшада) орналастырылады, Елтаңба диаметрі 3м немесе одан жоғары (соңғы қабаттың жабу деңгейінде) немесе 500м диаметрмен (ғимараттың кіреберіс маңдайшасында) орналастырылады.

Білім беру ұйымдарында Мемлекеттік рәміздерді орналастыру

  • Жоғары оқу орындарындағы ғимараттарда



Тудың көлемі: - ғимарат қабаттарына байланысты таңдалады (соңғы қабаттың жабу деңгейінде) Елтаңба диаметрі: - ғимарат қабаттарына байланысты таңдалады; (соңғы қабаттың жабу деңгейінде) – ұдайы орналастырылады;

  • Мектепке дейінгі және жалпы білім ұйымдарында



Ту: - ҚР Ұлттық мейрам күндерінде және басқа да мейрам күндері тігіледі.
Елтаңба: - жарнамаларға қолданылмайды

  • Ішке кіреберістегі



Мемлекеттік мекеменің атауы бар жазылуларға қолданылмайды.Мемлекеттік Елтаңба жоғары жақтың ортасында 120мм ден 200мм диаметрмен орналастырылады.


Мемлекеттік Ту 1х2 метр өлшеммен лауазымды тұлғалардың кабинеттеріндегі, залдардағы Мемлекеттік Елтаңбаның сол жағында (тігіледі) орналастырылады (қылқалам және шашақтарды пайдаланып жасалған тоқылу немесе жапстырылу әдістерін пайдалана орналастыруға болады.



Мемлекеттік Елтаңба лауазымды тұлғаның жұмыс орнының арт жағындағы қабырғаға, залдарда төрағалық етуші отыратын орынның арт жағында орналастырылады.




Мемлекеттік символдарды интерьерлі орналастыру


Мемлекеттік рәміздерге арналған бұрыш:



Тудың көлемі: lx2 м ден 2х4 м дейін Елтаңба диаметрі: 1000 мм нен 3000 мм дейін (бөлме төбесінің биіктігіне байланысты)

Мемлекеттік рәміздердің бейнелері бар стендтер:



Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Гимн бейнелері бар лицензиялық баспа өнімдерімен рәсімделеді.

Басшының кабинетінде:



Ту көлемі: lx2 м (басшы үстелінің сол жағынан) Елтаңба диаметрі: 500 мм (басшы артында тудың оң жағынан)

Мәжіліс залдарында:



Ту және Елтаңба көлемі бөлменің биіктігіне байланысты. Басшы үстелінің сол жағында орналастырылады.