uzluga.ru
добавить свой файл
1

ТӨМЕНДЕГІ КӨМЕКТЕСЕДІ


ЕСКЕРТПЕ

Ресей Федерациясы территориясына шығатын шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін заңсыз есірткі өнімдері айналымына қатысты жауапкершілік туралы


Ресей Федерациясы территориясында есірткі өнімдерінің еркін айналымына тыйым салынады.

Ресей Федерациясы территориясында заңсыз есірткі өнімдері айналымына қатысты істелген әрекеттер үшін тұлғалар қылмыстық жауапкершілікке тартылады және кейін сотталғандығын жойып немесе одан арылғанға дейін Ресей Федерациясына кіруге тыйым салынады.

Сонымен қылмысты істеген тұлға оның жынысы, нәсілі, ұлтына қарамастан қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Заңсыз есірткі өнімдерін алғаны, сақтағаны, тасымалдағаны, жасағаны үшін тұлғалар Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 228 бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылып, он жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Заңсыз есірткіні өндіргені, өткізгені, жібергені үшін тұлғалар Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 228.1 бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылып, жиырма жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Ресей Федерациясы шекарасы арқылы есірткі өнімдерін тасымалдағаны үшін тұлғалар Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 188 бабына сәйкес қосымша қылмыстық жауапкершілікке тартылып, он екі жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Есірткі өнімдерін қолданғаны үшін шетел азаматтары әкімшілік жауапкершілікке тартылып, Ресей Федерациясынан қуып шығарылады.

Шетел азаматтары есірткі өнімдерін кіші көлемде сақтағаны, қолданғаны және тарату мақсатында насихаттағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылады және Ресей Федерациясынан қуып шығарылып, 5 жылға дейін Ресей Федерациясына кіруге тыйым салынады (әкімшілік құқық бұзу жөніндегі Кодекстің 6 тарауы) немесе Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес депортацияланады.

Егер Сіз есірткі өнімдерін құқық қорғау органдарына өз еркіңізбен тапсырып, тергеуге белсенді көмектескен жағдайда Сіз қылмыстық жауапкершіліктен босатылсыз.


СІЗ ҚЫЛМЫС НЕМЕСЕ ЕСІРТКІ ӨНІМДЕРІН ӨЗ ЕРКІҢІЗБЕН ТАПСЫРУ ТУРАЛЫ РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ЕСІРТКІ АЙНАЛЫМЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ ФЕДЕРАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСҚАРМАСЫНА ХАБАРЛАЙ АЛАСЫЗ


Урал Федералдық округы территориясында орналасқан Ресей Федерациясының есірткі айналымын бақылау жөніндегі Федералдық қызметі Басқармаларының тізімі


Басқарма

Адрес

Кезекші бөлім телефоны, сенім телефоны

Курган облысы бойынша

Ресей ЕАБФҚБ

640018, Курган қ.,

Климов көшесі, 60 үй

кезекші бөлім (3522) 49-88-00

сенім телефоны (3522) 41-76-09

Свердлов облысы бойынша Ресей ЕАБФҚБ

620142, Екатеринбург қ.,

Степан Разин көшесі, 31 үй

кезекші бөлім (343) 251-82-27

сенім телефоны (343) 251-82-22

Тюмень облысы бойынша Ресей ЕАБФҚБ

625048, Тюмень қ.,

Малыгин көшесі, 54 үй

кезекші бөлім (3452) 27-00-02

сенім телефоны (3452) 27-00-00

Челябинск облысы бойынша Ресей ЕАБФҚБ

454048, Челябинск қ.,

Тернопольская көшесі, 4 үй

кезекші бөлім (351) 267-00-00

сенім телефоны (351) 265-34-84

Ханты-Мансийск автономия округы-Югра бойынша

Ресей ЕАБФҚБ

628001, Ханты-Мансийск қ.,

Объездная көшесі, 23 үй

кезекші бөлім (3467) 35-73-00

сенім телефоны (3467) 35-73-10

Ямало-Ненецк автономия округы бойынша

Ресей ЕАБФҚБ

626660, Салехард қ.,

Чупров көшесі, 31 үй

кезекші бөлім (34922) 4-92-23

сенім телефоны (34992) 5-39-08

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

Ресей Федерециясында заңсыз есірткі өнімдерінің айналымы, соның ішінде сибутрамин мен эфедринға тыйым салынады және заңмен қудаланады.


ОҢ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАҢЫЗ !

KZ