uzluga.ru
добавить свой файл
1 2 3
Тауарлардың, оның iшiнде экспорттық бақылауға жататын өнiмнiң, экспорты мен импортын, сондай-ақ жекелеген тауарлардың импортын автоматты түрде лицензиялау кезiндегi қызметтi лицензиялау ережесiн, лицензиялау жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптарын және экспорты мен импорты лицензиялануға тиiс тауарлардың тiзбесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 12 маусымдағы N 578 Қаулысы


Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., N 30, 300-құжат, "Егемен Қазақстан" 2008 жылғы 7 шiлде N 208-209




      Қазақстан Республикасының "Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттiк реттеу туралы" 1999 жылғы 16 шiлдедегi, "Лицензиялау туралы" 2007 жылғы 11 қаңтардағы және "Экспорттық бақылау туралы" 2007 жылғы 21 шiлдедегi заңдарын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
       Ескерту. Кiрiспеге өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.09.18 N 861 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      1. Қоса берiлiп отырған:

      1) Тауарлардың, оның iшiнде экспорттық бақылауға жататын өнiмнiң, экспорты мен импортын, сондай-ақ жекелеген тауарлардың импортын автоматты түрде лицензиялау кезiндегi қызметтi лицензиялау ережесi;

      2) лицензиялау жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптары;

      3) экспорты мен импорты лицензиялануға тиiс тауарлардың тiзбесi бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейiн жиырма бiр күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                                    К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң      
2008 жылғы 12 маусымдағы
N 578 қаулысымен   
бекiтiлген      

Тауарлардың, оның iшiнде экспорттық бақылауға жататын
өнiмнiң экспорты мен импортын, сондай-ақ жекелеген
тауарлардың импортын автоматты түрде лицензиялау
кезiндегi қызметтi лицензиялау ережесi

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Тауарлардың, оның iшiнде экспорттық бақылауға жататын өнiмнiң экспорты мен импортын, сондай-ақ жекелеген тауарлардың импортын автоматты түрде лицензиялау кезiндегi қызметтi лицензиялау ережесi (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасының "Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттiк реттеу туралы" 1999 жылғы 16 шiлдедегi, "Лицензиялау туралы" 2007 жылғы 11 қаңтардағы және "Экспорттық бақылау туралы" 2007 жылғы 21 шiлдедегi заңдарына сәйкес әзiрлендi және тауарлардың, оның iшiнде экспорттық бақылауға жататын өнiмнiң экспорты мен импорты жөнiндегi, сондай-ақ жекелеген тауарлардың импортын автоматты түрде қызметтi лицензиялау кезiндегi қызметтi лицензиялау тәртiбiн айқындайды.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.09.18 N 861 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      2. Лицензиялауды Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетi жүзеге асыратын этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң импортын қоспағанда, тауарлардың, оның iшiнде экспорттық бақылауға жататын өнiмнiң экспорты мен импорты жөнiндегi қызметтi лицензиялауды Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Өнеркәсiп комитетi жүзеге асырады.
      Жекелеген тауарлардың импортын автоматты түрде лицензиялауды Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Сауда комитетi жүзеге асырады.
       Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2008.09.18 N 861 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      3. Жеке және заңды тұлғалар лицензиялау субъектiлерi болып табылады.

      4. Тауарлардың, оның iшiнде экспорттық бақылауға жататын өнiмнiң экспорты мен импортына арналған лицензия және жекелеген тауарлардың импортын автоматты түрде лицензиялау кезiнде берiлетiн лицензия (бұдан әрi - лицензия) иелiктен алынбайтын болып табылады және оны лицензиат басқа жеке немесе заңды тұлғаға бере алмайды.

      5. Жекелеген тауарлардың экспортын лицензиялау, егер:

      1) iшкi нарықта оларды сату (өткiзу) немесе пайдалану лицензия негiзiнде жүзеге асырылатын тауарлар экспортының мәнi болып табылған;

      2) осы тауарды шығару және өткiзу Қазақстан Республикасының заңдарымен мемлекеттiк монополияға жатқызылған жағдайларда орын алуы мүмкiн.
      Тауарлар лицензияда көрсетiлген мемлекеттерге ғана әкетiлуi мүмкiн.

      6. Жекелеген тауарлардың импортын лицензиялауды Қазақстан Республикасының Үкiметi мемлекеттiң қауiпсiздiгi, азаматтардың өмiрi немесе денсаулығы, қоршаған орта қисыны бойынша және отандық тауар өндiрушiлердi және сандық шектеулердi қолданбастан Қазақстан Республикасының экономикалық қауiпсiздiгiн қорғау мақсатында жүзеге асырады.

      7. Жекелеген тауарлардың импортын автоматты түрде лицензиялау кезiнде өтiнiштi мақұлдау барлық жағдайларда берiледi. Бұл ретте импорттық операцияларды жүзеге асыру үшiн импорттаушы мүшенiң заңды талаптарын орындайтын кез келген адам импортпен жұмыс iстеуге және лицензия алуға тең құқыққа ие болады. Лицензияны алуға өтiнiш тауарларды кедендiк тазартуға дейiн кез келген жұмыс күнi берiлуi мүмкiн. Лицензия алуға өтiнiштi және тиiстi және толық нысанда қажеттi құжаттарды беру кезiнде он жұмыс күнi iшiнде лицензия берiледi.
      Осы Ереженiң 11-тармағының әрекетi жекелеген тауарлардың импортын автоматты түрде лицензиялау кезiнде қолданылмайды.

      8. Импорты автоматты түрде лицензиялануға тиiс тауарлардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.

2. Лицензияны беру, қайта ресiмдеу, беруден бас тарту,
тоқтату, күшiн тоқтата тұру және айыру тәртiбi

      9. Лицензия алу үшiн мынадай құжаттар қажет:

      1) осы Ережеге 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

      2) заңды тұлға үшiн - өтiнiш берушiнiң заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркелгенi туралы куәлiктiң нотариалды куәландырылған көшiрмесi;

      3) жеке тұлға үшiн - жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;

      4) дара кәсiпкер үшiн - өтiнiш берушiнiң дара кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркелгенi туралы куәлiктiң нотариалды куәландырылған көшiрмесi;

      5) өтiнiш берушiнiң салық органында есепке тұрғаны туралы куәлiктiң нотариалды куәландырылған көшiрмесi;

      6) жекелеген қызмет түрiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның бюджетке төленгенiн растайтын құжат;

      7) бiлiктiлiк талаптарына сәйкес мәлiметтер мен құжаттар.

      10. Лицензия беру үшiн лицензиарға берiлген барлық құжаттар тiзiлiм бойынша қабылданады, оның көшiрмесi лицензиардың құжаттарды қабылдаған күнi туралы белгiсiмен өтiнiш берушiге жiберiледi (тапсырылады).
      Лицензиар лицензия алуға өтiнiш берушiнiң құжаттары тiркелген күнiнен бастап екi жұмыс күнi iшiнде, ал шағын кәсiпкерлiк субъектiсiнiң бiр жұмыс күнi iшiнде келiсiм алу үшiн материалдарды Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен экспорты мен импорты лицензиялануға тиiс тауарлардың тiзбесiнде көрсетiлген мемлекеттiк органдарға (бұдан әрi - мемлекеттiк органдар) жiбередi.
      Мемлекеттiк органдар лицензиардың сұрауы негiзiнде тiркелген күнiнен бастап жетi жұмыс күнi iшiнде, ал шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн екi жұмыс күнi iшiнде келiсу туралы не келiсуден бас тарту туралы жауапты жiбередi.
      Экспорттық бақылауға жататын өнiмге, қызметтiк және азаматтық қаруға мемлекеттiк органдармен келiсу не келiсуден бас тарту туралы жауап он бес жұмыс күнi iшiнде, ал шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн бес жұмыс күнi iшiнде жiберiледi.
      Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2009.11.24 N 1919 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

      11. Лицензияны лицензиар осы Ережеде белгiленген тиiстi құжаттармен қоса, өтiнiш берiлген күннен бастап он бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей, ал шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей бередi.
      Экспорттық бақылауға жататын өнiмге, қызметтiк және азаматтық қаруға лицензия отыз жұмыс күнiнен кешiктiрмей, ал шағын кәсiпкерлiк субьектiлерi үшiн он жұмыс күнiнен кешiктiрмей берiледi.
      Лицензиар осы Ережеде белгiленген мерзiм iшiнде лицензия беруге не лицензияны беруден бас тарту себебi туралы жазбаша түрде дәлелдi жауап беруге мiндеттi.
      Егер лицензиар осы Ережеде белгiленген мерзiмде өтiнiш берушiге лицензия бермесе не өтiнiш берушiге лицензия беруден бас тарту себебi туралы жазбаша хабарламаса, онда осы Ережеде белгiленген лицензия беруге арналған мерзiмдер өткен күннен бастап бес жұмыс күнi өткен соң өтiнiш берушi лицензиарға олар мәлiмдеген қызметтiң түрiн жүзеге асыру басталғаны туралы жазбаша хабарлайды.
      Лицензиар өтiнiш берушiнiң жазбаша хабарламасын алған күннен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей өтiнiш берушi жазбаша хабарламада көрсеткен күннен бастап лицензия беруге мiндеттi.
      Ескерту. 11-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2009.11.24 N 1919 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

      12. Жекелеген қызмет түрiмен айналысу құқығына лицензиялық алым Қазақстан Республикасының Салық кодексiне сәйкес лицензияларды (лицензиялардың телнұсқасын) беру кезiнде алынады.

      13. Лицензия осы Ережеге 3 және 4-қосымшаларға сәйкес белгiленген нысандағы бланкiлерде ресiмделедi.

      14. Лицензия әрбiр жеке мәмiле бойынша жекелеген тауарлардың, экспортын немесе импортын жүзеге асыру үшiн күнтiзбелiк жылдың кезеңiне өтiнiш берушiге берiледi.
      Лицензия келiсiм-шартқа енгiзiлген оның атауларының санына қарамастан, 10 таңбалы кодты көрсете отырып, Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметiнiң тауар номенклатурасына сәйкес тауардың бiр түрiне берiледi.
      Жекелеген қызмет түрлерiн бас лицензия бойынша жүзеге асыратын тұлғалар үшiн қызметтiң осы түрiнде тұрақты пайдаланылатын жекелеген тауарлардың экспортына немесе импортына арналған лицензия қолданылу мерзiмiне (келiсiм-шарт санына қарамастан жыл сайынғы экспорт (импорт) көлемiне) шек қойылмай берiледi.

      15. Өтiнiш берушiнiң дәлелдi өтiнiшi бойынша бiр жолғы лицензияның қолданылу мерзiмi бiр күнтiзбелiк жылдан аспайтын мерзiмге ұзартылуы мүмкiн.
      Лицензияның қолданылу мерзiмiн ұзартуды лицензиардың қолымен және мөрiмен лицензияға тиiстi қосымша жазбаны енгiзу жолымен лицензиар жүзеге асырады.

      16. Бiр жолғы лицензиялар жекелеген тауарлардың экспортына немесе импортына оларда көрсетiлген мерзiмге берiлген рұқсат болып табылады және тауарды кедендiк ресiмдеу үшiн негiз болады.
      Лицензиар кеден органдарының назарына лицензияны куәландыратын уәкiлеттi тұлғалардың қолдары мен мөр бедерлерiнiң үлгiлерiн жеткiзедi.

      17. Егер:

      1) Қазақстан Республикасының заңдарында субъектiлердiң осы санаты үшiн қызметтiң осы түрiмен айналысуға тыйым салынған;

      2) осы Ереженiң 9-тармағына сәйкес талап етiлетiн барлық құжаттар берiлмеген жағдайда лицензия беруден бас тартылуы мүмкiн. Өтiнiш берушi көрсетiлген кедергiлердi жойған кезде өтiнiш жалпы негiздерде қаралады;

      3) осы қызметпен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым енгiзiлмеген;

      4) өтiнiш берушiге қатысты осы қызметпен айналысуға тыйым салатын соттың үкiмi заңды күшiне енген жағдайларда лицензия беруден бас тартылуы мүмкiн.

      18. Егер лицензия осы Ережеде белгiленген мерзiмде берiлмесе немесе лицензияны беруден бас тарту өтiнiш берушiге дәлелсiз болып көрiнсе, ол Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бұл iс-әрекеттерге шағым жасауға құқылы.

      19. Лицензиат лицензиясын жоғалтқан, бүлдiрген жағдайда лицензияның телнұсқасын алуға құқылы.
      Жоғалған, бүлiнген лицензия бланкiсi лицензиаттың лицензиарға жазбаша өтiнiш (лицензияның бүлiнген, жоғалған фактiн растайтын құжаттармен қоса) берген күнiнен бастап жарамсыз деп есептеледi.
      Лицензиар өтiнiш берiлген күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде жаңа нөмiр бере отырып және жоғары оң жақ бұрышында "Телнұсқа" деген жазуы бар лицензияның телнұсқаларын бередi.

      20. Бiрiгу, қосылу, бөлiну немесе қайта құру, атауының өзгеруi нысанында заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру кезiнде жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты, сондай-ақ қызмет түрiнiң атауы өзгерген жағдайда, егер мұндай өзгерiс қызмет түрiнiң шеңберiнде орындалатын операциялардың мәнiнiң өзгеруiне әкеп соқпаса, ол отыз күнтiзбелiк күн iшiнде аталған мәлiметтердi растайтын тиiстi құжаттармен қоса лицензияны қайта ресiмдеу туралы өтiнiш беруге мiндеттi.
      Лицензиар лицензиаттың тиiстi жазбаша өтiнiшiн берген күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде лицензияны қайта ресiмдейдi.

      21. Лицензияның қолданылуы мынадай жағдайларда:

      1) лицензияның берiлген мерзiмi аяқталғанда;

      2) жүзеге асырылуын лицензия берiлген iс-әрекеттер (операциялар) толық көлемде жасалғанда;

      3) лицензия алып қойылғанда;

      4) жеке тұлғаның қызметi тоқтатылғанда, заңды тұлға таратылғанда, бiрiгу, бiрiктiру, бөлiну немесе қайта құрылу нысанындағы қайта ұйымдастырылуды қоспағанда, заңды тұлға қайта ұйымдастырылғанда;

      5) лицензияны лицензиарға ерiктi түрде қайтарылғанда;

      6) лицензияланатындардың тiзбесiнен жекелеген қызмет түрлерi алып тасталса тоқтатылады.

      22. Лицензияның қолданылуы тоқтатылған кезде лицензиат он жұмыс күнi iшiнде лицензияны лицензиарға қайтаруға мiндеттi.

      23. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, одан айыру Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.
      Берiлген лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы шешiмдi лицензиар лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы шешiм қабылданған күннен бастап үш күн мерзiмде жазбаша нысанда лицензиатқа және кеден органдарына жеткiзедi.

3. Лицензиялардың есебi және оларды бақылау

      24. Лицензиар лицензиаттың Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған лицензиялық бақылауды жүзеге асырады.
      Лицензиар лицензиаттардан өз құзыретi шегiнде тиiстi құжаттарды берудi талап етуге және лицензиялық бақылауды орындау үшiн қажеттi жазбаша немесе ауызша ақпаратты алуға құқылы.

      25. Лицензиар берiлген, қайта ресiмделген, тоқтата тұрылған, қайта жаңартылған және қолданылуын тоқтатқан лицензиялар туралы мәлiметтерден тұратын лицензиялардың тiзiлiмiн жүргiзедi.

                                                 Ережеге 1-қосымша

             ЭКСПОРТ ЛИЦЕНЗИЯСЫНА ӨТIНIШ

1.                                         N    ЛИЦЕНЗИЯ

2. Өтiнiш берушi, оның мекен-жайы, телефоны

3. Тапсырма бойынша (ұйым, кәсiпорын, оның мекен-жайы, телефоны)

7. Сатып алушы, оның мекен-жайы

4. Әзiрлеушi, оның мекен-жайы

8. Сатып алушының елi

5. Баратын елi

9. Қолданылу мерзiмi

6. Кеден органы

10. Мәмiле сипаты

11. Төлем валютасы

12. Тауардың
атауы мен толық
сипаттамасы

13. Тауардың
ҚР СЭҚ
ТН
бойынша
коды

15. Өлшем
бiрлiгi ҚР СЭҚ
ТН бойынша
(негiзгi/
қосалқы)

17. Жалпы
құны (мың):

төлем валютасында:

теңгеде:

USD
долларында:

14. Тауардың
бақылау
тiзiмде-
рi
бойынша
коды

16. Саны

18. Лицензия сұрау
үшiн негiз

20. Келiсiлдi

19. Өтiнiш берушiден

Т.А.Ә.

лауазымы

қолы, МО     күнi

21. ҚР мемлекеттiк органы -
лицензиар

Өтiнiш қарауға қабылданды

200__ж. "___" __________

22. Есеп айыру (валюталық) шоттарының нөмiрлерi, банк бөлiмшелерiнiң атауы

23. Лицензияның ерекше шарттары

                                                 Ережеге 2-қосымша

              ИМПОРТ ЛИЦЕНЗИЯСЫНА ӨТIНIШ

1.                                         N    ЛИЦЕНЗИЯ

2. Өтiнiш берушi, оның мекен-жайы, телефоны

3. Тапсырма бойынша
(ұйым, кәсiпорын,
оның мекен-жайы,
телефоны)

7. Сатушы, оның мекен-жайы

4. Тұтынушы, оның
мекен-жайы

8. Сатушының елi

5. Шыққан елi

9. Қолданылу мерзiмi

6. Кеден органы

10. Мәмiле сипаты

11. Төлем валютасы

12. Тауардың
атауы мен толық
сипаттамасы

13. Тауардың
ҚР СЭҚ
ТН
бойынша
коды

15. Өлшем
бiрлiгi ҚР СЭҚ
ТН бойынша
(негiзгi/
қосалқы)

17. Жалпы
құны (мың):

төлем
валютасында:

теңгеде:

USD
долларында:

14. Тауардың
бақылау
тiзiмде-
рi бойынша
коды

16. Саны

18. Лицензия сұрау үшiн негiз

20. Келiсiлдi

19. Өтiнiш берушi

Т.А.Ә.

лауазымы

қолы, МО     күнi

21. ҚР мемлекеттiк органы -
лицензиар

Өтiнiш қарауға қабылданды

200__ж. "___" __________

22. Есеп айыру (валюталық) шоттарының нөмiрлерi, банк бөлiмшелерiнiң атауы

23. Лицензияның ерекше шарттары

                                                 Ережеге 3-қосымша

                   ЭКСПОРТҚА ЛИЦЕНЗИЯ

1.                                        N     ЛИЦЕНЗИЯ

2. Өтiнiш берушi, оның мекен-жайы, телефоны

3. Тапсырма бойынша
(ұйым, кәсiпорын,
оның мекен-жайы,
телефоны)

7. Сатып алушы, оның мекен-жайы

4. Әзiрлеушi, оның
мекен-жайы

8. Сатып алушының елi

5. Баратын елi

9. Қолданылу мерзiмi

Ұзарту

6. Кеден органы

10. Мәмiле сипаты

11. Төлем валютасы

12. Тауардың
атауы мен толық
сипаттамасы

13. Тауардың
ҚР СЭҚ
ТН
бойынша коды

15. Өлшем бiрлiгi ҚР СЭҚ ТН бойынша
(негiзгi/
қосалқы)

17. Жалпы құны (мың):

төлем
валютасында:

теңгеде:

USD
долларында:

14. Тауардың
бақылау
тiзiмде-
рi бойынша коды

16. Саны

18. Лицензия сұрау
үшiн негiз

20. Келiсiлдi

19. Өтiнiш берушi

Т.А.Ә.

лауазымы

қолы, МО     күнi

21. ҚР мемлекеттiк органы -
лицензиар
Т.А.Ә.

лауазымы

қолы, МО          күнi

22. Есеп айыру (валюталық) шоттарының нөмiрлерi, банк бөлiмшелерiнiң атауы

23. Лицензияның ерекше шарттары

                                               Ережеге 4-қосымша

                   ИМПОРТҚА ЛИЦЕНЗИЯ

1.                                         N    ЛИЦЕНЗИЯ

2. Өтiнiш берушi, оның мекен-жайы, телефоны

3. Тапсырма бойынша
(ұйым, кәсiпорын,
оның мекен-жайы,
телефоны)

7. Сатушы, оның мекен-жайы

4. Тұтынушы, оның
мекен-жайы

8. Сатушының елi

5. Шыққан елi

9. Қолданылу мерзiмi

Ұзарту

6. Кеден органы

10. Мәмiле сипаты

11. Төлем валютасы

12. Тауардың
атауы мен толық
сипаттамасы

13. Тауардың
ҚР СЭҚ
ТН
бойынша
коды

15. Өлшем
бiрлiгi ҚР СЭҚ
ТН бойынша
(негiзгi/
қосалқы)

17. Жалпы
құны (мың):

төлем
валютасында:

теңгеде:

USD
долларында:

14.
Тауардың
бақылау
тiзiмде-
рi
бойынша
коды

16. Саны

18. Лицензия сұрау үшiн негiз

20. Келiсiлдi

19. Өтiнiш берушi

Т.А.Ә.

лауазымы

қолы, МО     күнi

21. ҚР мемлекеттiк органы -
лицензиар
Т.А.Ә.

лауазымы

қолы, МО     күнi

22. Есеп айыру (валюталық) шоттарының нөмiрлерi, банк бөлiмшелерiнiң атауы

23. Лицензияның ерекше шарттары

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң     
2008 жылғы 12 маусымдағы
N 578 қаулысымен  
бекiтiлген     

Лицензиялау жөнiндегi қызметке қойылатын

следующая страница >>