uzluga.ru
добавить свой файл
1


Ф КГМА 4/3-07/02

ПП КГМА 4/02



ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ


МИКРОБИОЛОГИЯ ЖӘНЕ ИММУНОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ


Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өзіндік жұмысының әдістемелік нұсқауы


Тақырыбы: Дисбактериоз қорытындыларына интерпретация жасау және оның коррекциясы. Жұқпалы аурулардың этиологиясы (Кох постулаттары). Жұқпалы аурулардың жіктелуі. Ауруханаішілік инфекциялар және емдеу-профилактикалық мекемелерін инфекциялық бақылау.


Микробиология пәні


051101 «Мейірбике ісі»

Курс II


Құрастырғандар: доц. м.а.,Азизов И.С.

оқытушылар: Котенева Е.Н.,Қабдуова Ә.Қ.






Қарағанды 2009 ж




Кафедра мәжілісінде талқыланып және бекітілген

«24» 03. 2009 ж. № 9 Хаттама


Кафедра меңгерушісі, доцент м.а. ________________ Ахметова С.Б.


Тақырыбы: Дисбактериоз қорытындыларына интерпретация жасау және оның коррекциясы. Жұқпалы аурулардың этиологиясы (Кох постулаттары). Жұқпалы аурулардың жіктелуі. Ауруханаішілік инфекциялар және емдеу-профилактикалық мекемелерін инфекциялық бақылау.

Мақсаты:Әртүрлі патологиялық үрдістердің дамуы барысында қалыпты микрофлораның сандық және сапалық құрамының өзгеруі, дисбактериоздың дамуымен сипатталады; ауруханаішілік инфекциялардың этиологиясы, берілу жолы, патогенезі, микробиологиялық әдістері, алдын-алуы және емдеуі.

Сабақ мақсаты:

Студент білуге тиіс:

- эубиоз (нормоценоз) дегеніміз не;

- ересек микрофлорасынан бала микрофлорасы құрамының айырмашылығы;

- дисбактериоз дамуына әсер ететін факторлар; дисбактериоз дәрежелері, оның клиникалық және бактериологиялық көрсеткіштері;

- дисбактериоз емдеуінің принциптері

- инфекционды үрдістің дамуындағы қоздырғыш микроорганизмдердің маңызы.

Студент істей алуға тиіс:

- ішек дисбактериозын зерттегенде алынатын материал;

- нәжісті дайындау үшін физиологиялық ерітіндіде он еселік дәрежеде сұйылту;

- адам ағзасының негізгі биотоптарының құрамын сандық және сапалық бағалауда микро-биологиялық зерттеу үшін материал алу техникасын меңгеру;

- ішек дисбактериозының микробиологиялық диагностикасның кестесін түсіндіру

- инфекционды үрдістің диагностикасында бактериоскопиялық, бактериологиялық және биологиялық әдістерді жүргізу.


Лабораторлық жұмысты орындау түрі

Тақырып бойынша сұрақтар:

1.Ішек дисбактериозын зерттеу үшін сериялық сұйылту дайындау.

2.Қоректік ортаға егу. Ішек дисбактериозын зерттеудің 1-ші күні.

а) тығыз қоректік ортағы газонмен егу;

б) Шукевич бойынша егу;

в) тереңдетіп Блаурок ортасына егу.

3. Дисбактриоз бойынша жағдайлық есептерді шешу.

4. Зерттеу қорытындысын хаттамаға толтыру.

Тарату материалы

Дисбактериоз-қалыпты микрофлораның құрамына кіретін микробтың популяциялардың арасындағы экологиялық тепе-теңдіктің сапалық және сандық өзгерісі.

Бұл кезде индигенді микрофлора өкілдері (мысалы, бифидумбактериялар, лактобактериялар және т.б) антагонистік микробтардың кейбір түрлерінің саны азайып кетеді немесе типті жоқ болады; факультативті микрофлораға жататын, әрі биотоп шегінен тарала алатын шартты патогенді микроорганизмдер саны артады. Көбінесе бұл процесстер ішекте дамиды.

Дисбактериоздың пайда болу себептері:

- ұзақ антибиотиктік: химиялық, гормонды терапия.

- сәулелену, сәулелік терапия, иммунды депрессанттарды қабылдау.

- асқазан- ішек жолдарының инфекциялы (жұқпалы) және инфекциялы емес табиғатты аурулар, басқа да инфекциялы аурулар, ісіктік аурулар, иммунды тапшылықтар.

- авитаминоздар, тамақтанудың өзгеруі қолайсыз экология.

- стресстер және экстремальді жағдайлар.

- ұзақ уақыт стационарларда, жабық кеңістікте болу.

Дисбактериоз дәрежелері

1-ші дәреже: Биоценоз құраушыларының өзгерінсіз. Индигенді флораның бір өкілінің санының сәл азаюы.Клиникалық түрде байқалмайды дисбактериоздың компен-сацияланған түрі. Бұл дәрежеде диета ұсынылады.

2-ші дәреже : Индигенді микрофлораның жеке өкілдерінің санының азаюы немесе элиминациясы және транзиторлы шартты-патогенді флоралық артуы. Ішек дисфункциясы және жергілікті қабыну процесстері стоматит, ангина, энтерит және т.б тән субкомпенсаторлы дисбактериоз түрлері дамиды. Микрофлораны эубиотиктермен және диета қолданумен коррекцияланады (емделеді).

3-ші дәрежесі:Микрофлора өзгерісі сол күйде күшееді, шартты-патогенді микроорганизм-дердің жеке өкілдерінің биотоп шекарасынан (ішегінен) таралып, қалыпта кездеспейтін қуыстарды, мүшелерде және ұлпаларда пайда болады. Мысалы, E. coli - өт жолдарында ( өзектерінде ), Candida туысты саңырауқұлақтар- зәрде, стафилакокктар- қанда және т.б. Ауыр септикалық түрге дейін, яғни шартты-патогенді микроорганизмдер тудырған инфекция түрінде өтетін патологиялық өзгерістер тудыратын дисбактериоздың декомпенсацияланған түрі дамиды.


Дисбактсриоз емінде қолданылатын препараттар

Пробиотиктер, нормофлораны қалпына келтіру мақсатында бифидумбактерин, бификол, ацилакт, аципол, бифацид, биобактов сиоробактерин, биоспориндер қолданылады.

Пробиотиктер, қалыпты микрофлораның стимуляциясының өсуі барысында пантотенат кальция, памба, хилак-форте нормазс, лизоцим қолданылады..

Селективті антибактериальді белсенділікке ие препараттар: стафилококкалы фаг, клебсиеллалық фаг, комбинирленген пиобактериофаг (клебсиеллездік, көкіріңдік, ішектік, протейлік, стафилококкалық, стрептококкалық), интестифаг, колипротейді фаг, көкіріңді фаг.

Энтеросорбенттер, иммунды стимуляциялық қасиетке ие препараттар, асқорыту үрдісін жақсартатын ферментативті препараттар (хлорофилипт, фуразолидон, метронидазол, эрцефурил); антибиотиктер және саңырауқұлаққа қарсы препараттар, дәрумендер.


Әдебиеттер

1.Жалпы микробиология (оқу-әдістемелік құрал). Микробиология кафедрасы-ның профессорлары Б.А. Рамазанова, А.Л. Котова, Қ.Қ.Құдайбергенұлы, оқытушылар: Б.М. Хандиллаева, Г.Р. Амзеева, Т.С. Бегадилова, А.М. Бармакова, Д.Ж. Батырбаева. Алматы. 2006. – 176 б.

2.Тец В.В. Руководство к практическим занятиям по медицинской микробиологии, вирусологии и иммунологии – М.:Медицина, 2002. - 352 с.

3.Медицинская микробиология под ред. Покровского В.И. //М. ГЭОТАР МЕДИЦИНА, 1998, 1184 С.

4.Коротяев А.И., Бабичев С.А. Медицинская микробиология, иммунология и вирусология // С-Петербург: Специальная литература, 1998. – С.159-176.

5.Борисов Л.Б., Смирнова Л.Н. Микробиология // М: Медицина, 1996, уч.пособие., 192с.

6.Поздеев О.К. Медицинская микробиология: Учеб.для вузов /О.К.Поздеев; под ред. В.И. Покровского.-2-е изд.испр.-М.:ГЭОТАР-МЕД, 2004.-768 с

7.Лабинская А.С. Микробиология с техникой микробиологических методов исследования // М: Медицина, 1968, 466с.

8.Справочник по микробиологическим и вирусологическим методам исследования / под. ред. М.О.Биргера // М: Медицина, 1973., 456с.

9.Красильников А.П., Романовская Т.Р. Микробиологический словарь –справочник // Минск: Асар, 1999. – 399с.

10.Стейнер Р., Эдельберг Э., Ингрэм Дж. Мир микробов // М: Мир. - 1979, Т.1. - 317с.

Определитель бактерии по Берджи (в 2-х томах)// М: Мир, 1997.

Бақылау

Сұрақтар:


  1. Дисбактериоз дегеніміз не? Анықтама беріңіз.

  2. Дисбактериоздың диагностикалық препараттары (бактериологиялық, клиникалық).

  3. Дисбактериоз дәрежелері (микробиологиялық, клиникалық белгілері).

  4. I және II ауыр дәрежесіндегі ішек дисбактериозының микробиологиялық көрсеткіштері.

  5. Ш және IV ауыр дәрежесіндегі ішек дисбактериозының микробиологиялық көрсеткіштері.

  6. Дисбактериоз дамуына әсер ететін факторлар.

  7. Дисбактериоз емінде қолданылатын препараттар.

  8. Бір түрге жататын госпитальді және госпитальді емес микроорганизмдер штаммадарын сипаттау.

  9. Эпидмаркер ретінде қолдануға болатын ауруханаішілік инфекция қоздырғыштарының биологиялық белгілері.

  10. Ауруханаішілік инфекцияның дамуына әсер ететін факторлар.

11. Ауруханаішілік инфекцияның алдын-алу шаралары.

Тесттер:

1. Дисбактериозда байқалатын микробтық пейзаж өзгерісі:

а) микробтық пейзаждан кей симбионттардың болмауы

б) организмнің резистенттілігі төмендеген

в) генетикалық детерминация

г) бактерияның нуклеин қышқылы қасиеттері өзгерісі

д) қалыпты жағдайда кей мүшелерде кездеспейтін микробтық симбионттар таралуы

2. Дисбактериоз еміне қолданылатын препараттар:

а) эубиотиктер

б) антибиотиктер

в) сульфаниламидтер

г) хинолондар

д) вирусқа қарсы

3. Дисбактериоз дамуының себебі:

а) кең спектрлі антибиотиктерді ұзақ қолдануы

б) организмнің табиғи резистенттілігі төмендеуі

в) зат алмасу процесі бұзылуы, дұрыс тамақтанбауы

г) аталғандардың барлығы

д) еш қайсысы жатпайды

4.Лактобактерия мен бифидумбактериялардың антогонистік қасиеттеріне барлығы жатады, тек біреуі жатпайды:

а) қышқыл, спирт, лизоцим бөлуі

б) энтеропатогенді токсин өнімдерін тежеу

в) ішектен Са2+, витамин Д сінірілуін күшейтеді

г) аминоқышқылдары, белоктар, витаминдер синтездеуі

д) ішектің кілегей қабатының морфологиялық құрылысына әсер етеді

5. Дисбактериозға тексерілген материалда гемолитикалық емес стафилококктар 10% табылған. Қорытынды беріңіз:

а) стафилококктар болмау керек

б) бұл дисбактериоздың 1-ші дәрежесі

в) бұл дисбактериоздың 2-ші дәрежесі

г) бұл дисбактериоздың 3-ші дәрежесі

д) стафилококктардың осындай % болуы мүмкін

6. Ішек дисбактериозы кезінде зерттелетін материал:

  1. өт

  2. зәр

  3. биоптат

  4. нәжіс

  5. қан

7. Дисбактериозға талдау жасағанда нәжісті сақтау мерзімі;

  1. бірден тексеру

  2. 2-ші күні

  3. 1 сағаттан 1 тәулікке дейін

  4. кептірілген күйінде

  5. 1 тәуліктен астам

8.Дисбактериозды не тудырмайды:

  1. жергілікті және жалпы инфекционды аурулар

  2. сирек жағдайда - гормонотерапия

  3. көп мөлшерде токсиндердің бөлінуі

  4. антибиотиктерді рациональді емес жағдайда қолдану

  5. жергілікті және жалпы иммунитеттің төмендеуі

9. Аталған препараттардың қайсысы эубиотиктерге жатады:

  1. бифидумбактериялар

  2. пенициллин

  3. нистатин

  4. амфотерицин

  5. М-протеин

10. Дұрыс "дисбактериоз" түсінігін таңдаңыз:

  1. қалыпты микрофлораның экологиялық балансының бұзылуы

  2. патогенді микроорганизмдердің болуы

  3. ішекте сүт-қышқылды бактериялардың болуы

  4. ішекте ішек таяқшаларының анықталуы

  5. ішекте бактероидтардың анықталуы



Жағдайлық есептер

1.Ішек дисбактериозын бактериологиялық зерттеу барысында Эндо ортасында түссіз колониялардың өсуі байқалады (жалпы санының 30 – 40%).Қандай қорытындылар жасауға болады?

2.Ішек дисбактериозын бактериологиялық зерттеу барысында Proteus туысының бактериялары 1 гр материалда105 КОЕ табылды.Қорытынды жасаңыз.Қандай препараттар тағайындауға болады?

3.Ішек дисбактериозын микробиолгиялық зерттеу барысында ащытқы тәрізді Candida туыстығының саңырауқұлақтарын анықтау үшін қандай орта қолдануға болады.Саңырауқұлақтарды айқындағаннан кейін тағы не тағайындауға болады?

4.Бифидумбактерияларды анықтауға қандай қоректік ортаны алу қажет. 105 сұйылту барысында бифидумбактериялар анықталып, ал 107 бифидумбактериялар анықталмаған жағдайда қорытындыны қалай тұжырымдауға болады.Коррекция жасау қажеттілігі бар ма және қандай препараттарды қолдануға болады?

5.Педиатрдың қабылдауында 4 жастағы баланың анасы жиі диспептикалық бұзылыстарға, аллергиялық реакциялар - диатез, қышу және тері жабындыларының қабыршақтануына шағымданды. Баланың нәжісін бактериологиялық зерттеу барысында келесі қорытындылар алынды:

С. albicans – 6•103 КОЕ/г

Е. соli - 2,5•103КОЕ/г

Рrоtеus – 3•106 КОЕ/г

Гемолитикалық стрептококк - 2,1 • 106 КОЕ/г

Соңғы антибиотикті 1 ай бұрын қабылдаған.

1.Бактериологиялық зерттеу барысына қарап қандай қорытынды жасауға болады?

2.Баланың жағдайы қандай?

6.Дисбактериозға зерттеу жүргізген кезде келесі қорытындылар алынды:

Микрофлора

Қорытынды

Патогенді микроорганизмдер

2%

Ішек таяқшасының жалпы саны

3х108

Ферментативті қасиеті әлсіз айқындалған

5%

Лактозонегативті энетеробактериялар

5%

Гемолизирленген түрлері

2%

Коккалы бактериялар жалпы саны

20%

Коккалы түрлері, % гемолизирленген түрлері

0

Бифидобактериялар

10-7

Лактобактериялар

0

Протей

0

Кандида

0

Дисбактериоз дәрежесін бағалаңыз.

7.Науқас И., 12 жаста. Материал үй жағдайында сағат 12.00. алынған. Материалды зерт-ханаға температуралық режимін сақтап 13.10. жеткізілді. Зерттеу жүргізген кезде келесі қорытындылар алынды:

Микрофлора

Қорытынды

Патогенді микроорганизмдер

0

Ішек таяқшасының жалпы саны

3х108

Ферментативті қасиеті әлсіз айқындалған

5%

Лактозонегативті энетеробактериялар

3%

Гемолизирленген түрлері

0

Коккалы бактериялар жалпы саны

20%

Коккалы түрлері, % гемолизирленген түрлері

0

Бифидобактериялар

10-9

Лактобактериялар

0

Протей

0

Кандида

0

Дисбактериоз дәрежесін бағалаңыз.

8. 45 жастағы науқас А, алынған нәжісті дисбактериозға зерттеу барысында келесі қоры-тындылар алынды :

Микрофлора

Қорытынды

Патогенді микроорганизмдер

0

Ішек таяқшасының жалпы саны

107

Ферментативті қасиеті әлсіз айқындалған

5%

Лактозонегативті энетеробактериялар

5%

Гемолизирленген түрлері

2%

Коккалы бактериялар жалпы саны

20%

Коккалы түрлері, % гемолизирленген түрлері

0

Бифидобактериялар

10-7

Лактобактериялар

0

Протей

100

Кандида

0

Дисбактериоз дәрежесін бағалаңыз.

9.Науқас В., 20 жаста. Материал стационар жағдайында алынған медицина академия-сының зертханасына алынғаннан кейін 4 сағаттан соң жеткізілді Дисбактериозға зерттеу жүргізген кезде келесі қорытындылар алынды:

Микрофлора

Қорытынды

Патогенді микроорганизмдер

0

Ішек таяқшасының жалпы саны

3х108

Ферментативті қасиеті әлсіз айқындалған

5%

Лактозонегативті энетеробактериялар

3%

Гемолизирленген түрлері

0

Коккалы бактериялар жалпы саны

20%

Коккалы түрлері, % гемолизирленген түрлері

0

Бифидобактериялар

10-9

Лактобактериялар

10-7

Протей

0

Кандида

0

Дисбактериоз дәрежесін бағалаңыз.