uzluga.ru
добавить свой файл
1
Ақмола облысы

Еңбекшілдер ауданы

Аманкелді орта мектебінің

математика пәнінің мұғалімі

Абилова Гаухар Балташқызы


Математикалық интермедиялар

Мектеп өмірінде пайданылатын қысқа пьеса математикалық интермедия деп аталады. Математикалық интермедияларда көпшілік қатыстырыла отырып, екі не бірнеше роль ойналады. Интермедия математика мағлұматтарын оқушыларға қарапайым тілмен жеткізу керек. Мектеп өмірінде оқушы ойын ретінде бірін-бірі сынау арқылы көпшілік алдында өздерінде кездесетін түрлі математикалық мәселелерге байланысты кемшіліктерді келемеж еткен интермедиялар жоғары бағаланады. Ойын арқылы айтылған сындар оқушыларға әсерлі болады, естерінде ұзақ сақталады.

Цилиндр мен конустың сырласуы


Цилиндр

Цилиндр деген мен боламын,

Ақтарсаң асыл кен боламын.

Бас-аяғым дөп-дөңгелек,

Мүсінім бар көптен бөлек.

Конус

Мен конуспын,конуспын

Күн нұры жарар өріспін

Асығып-ақ жүр едім

Міне,бүгін көрістім.

Цилиндр

Құлағым сенде ендеше,

Айтқаныңа келістім.

Конус

Алдымен танысалық,

Ата-текке барысалық.

Бұрында

Арғы атаң болыпты призма

Өзі шын ба?

Осының мәні қалай?

Призма ақсақал тың ба,

Өзінің қалы қалай?

Цилиндр

Шын болғанда түгел шын,

Оны қазір білесің.

Арғы тегім призма,

Қазір де тың жарықтық.

Шынында призма өз алдына бір ел бопты,

Талай ғасыр ғалымдарға да тізгін бермепті.

Денесін ұстап тұрысына қарай,

Бүйір жағы мен табанының арасындағы бұрышына қарай,

Тік немесе көлбеу бопты.

Табан ауданы аз,аласасының

Көлемі де кемдеу бопты.

Табаны демекші, табандары көпбұрыш екен№

Ал алдыңда тұрған цилиндр

Кейіннен болған бетбұрыс екен.

Айтпақшы,конус, сені жұрт

Пирамидадан туыпты деседі,

Соның шын болғаны ғой,есебі.

Конус

Бұл да шын.Балалар енді мені тыңдасын,

Пирамида менің арғы атам екен.

Өзім айналу денесіне жатады екем,

Біздің де ата-бабамыз

Көлбеу де тік те қиық та бопты,

Әйтеуір әртүрлі сиықта бопты.

Бүйір жақтары үшбұрыш екен,

Бәрінің басы бір жерде түйісіпті,

Бір-ақнуктеге сыйысыпты.

Өзің айтқандай, оның да табаны көпбұрыш екен,

Конус деген кейіннен болған бетбұрыс екен.

Дәлірек айтқанда:

Мен пирмиданың табан қабырғаларының санын шексіз еселеуден пайда болған конуспын.

Цилиндр

Мен призманың табан қабырғаларының санын шексіз екі еселеуден пайда болған денемін.

Екеуі:

Қымбатты балалар, бұл біздің қызықты сырымыздың кіріспесі ғана. Айтылмақ жыр,ашылмақ сыр әлі бар. Кездескенше күн жақсы! Бізбен толық сырласқыларың келсе, біздің мекен-жайымыз:

Геометрия оқулығы.


Түбір амалы

1-көрініс.

(Тақта алдында екі оқушы математика туралы әңгімелесіп тұр.)

1-оқушы:

Достым, 3 өрнегіндегі 3 көбейткішін түбір таңбасының астына қалай алуға болады?

2-оқушы:

Ол өте оңай (түбір таңбасының горизонталь сызығын оңға қарай соза түседі). Сонда: .

1-оқушы

Ал енді,3-ті түбір таңбасының алдына жазсақ,қалай болады?

2-оқушы

Мұнда да оңай (түбір таңбасы ашасының сызықшасын солға қарай, астына 3-ті ала, соза түседі). Сонда: 3

1-оқушы

Жұрт неге күледі,достым? Соған қарағанда сен түбір амалын онша тәуір көрмейсің –ау деймін.

Соңы.

2-көрініс.

2-оқушы

(өз-өзінен кейіп). Мұғалім бізге солай үйретті ме? Жо-жоқ.,қателесіп кетіппін.

1-оқушы

(Күліп келе жатып, тақта алдында өз-өзінен сөйленіп тұрған Еркебұланды көрді).

2-оқушы

(Жолдасын көре салып). Әй-әй, тоқта! Жаңа мен қателесіп кетіппін.

Әйтпесе түбір дегенді тым жақсы-ақ түрлендіретін едім.

1-оқушы

Қайдам, Оныңды көпшілікке көрсетпесең,көнем бе?

2-оқушы

=2 мысалынан бастайық.(1-оқушы көпшілікке есептеп отырыңдар дегендей белгі береді).

Тағы, =5.

2-оқушы

(Жұртқа қарап).Квадрат дәрежелі түбірің ештеңе емес.Одан жоғары дәрежелі түбірден санды шығара аламын.

1-оқушы: Мысалы.

2-оқушы: Мысалы, = 2; = 2.


1-оқушы:(көпшіліктен). Дұрыс па?

Көпшілік: Дұрыс! Қате!

1-оқушы

Шынында қызық заңдылық. Математиканың қызығы да,әсемділігі де осында емес пе?!

Алайда мен мұнымен бұрыннан таныспын. Мысалға,мұны бұдан әрі = 2түрінде,тіпті жалпы түрде


= а,n- оң бүтін сан, жазуға болады.Жоғарғыдағы мысалдар мұның дербес жағдайлары.

2-оқушы:

(Жұртқа қарап). Мұндай сандарды сансыз көп келтіруге болатындығы да қызық екен.

1-оқушы:

Ең қызығы-осы жазғаныңның бәрә теріс,сірә,түбір табу амалын жақсылап оқығаның мақұл.