uzluga.ru
добавить свой файл
1 2 3
ӘОЖ 377.5:378:37.03 Қолжазба құқығында


ДЕМЕУОВ АХАН ҚАЛЫБАЙҰЛЫ


Педагогикалық оқу орындарындағы болашақ

мұғалімдерді тұлғалық – кәсіби дамыту процесінде

рухани және дене тәрбиесін интеграциялау


13.00.01- Жалпы педагогика, педагогика және білім беру тарихы, этнопедагогика


Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу

үшін дайындалған диссертацияның


АВТОРЕФЕРАТЫ


Қазақстан Республикасы

Шымкент, 2010

Жұмыс М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде орындалды





Ғылыми жетекшісі



педагогика ғылымдарының докторы, профессор Нұрлыбекова А.Б.


Ресми оппоненттері

педагогика ғылымдарының докторы,

профессор Қозыбақов М.Ж.


педагогика ғылымдарының кандидаты

Махмутова Г.И.


Жетекші ұйым




Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті



Қорғау 2010 жылы «___» __________ сағат _____ М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті жанындағы педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Д 14.20.01 диссертациялық кеңесінде өтеді. Мекен-жайы: 160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5.


Диссертациямен М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің кітапханасында танысуға болады (160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5 үй, 2- қабат).


Автореферат 2010 жылы «___» ______ таратылды.


Диссертациялық кеңестің

Ғалым хатшысы Жолдасбекова С.А.

КІРІСПЕ


Зерттеудің көкейкестілігі. Еліміздегі әлеуметтік-экономикалық өзгерістер жалпы білім беру жүйесіне, оның ішінде педагогикалық білім беру жүйесіне де өз әсерін тигізуде. Қазіргі мектепке теориялық білімдерді, кәсіби қабілеттер мен дағдыларды тұтастай пайдалана білетін, педагогикалық ойлау деңгейі жоғары, педагогикалық міндеттерді өз бетінше шығармашылық тұрғыдан шеше алатын мұғалімдер қажет. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында «...мұғалімдердің біліктілігін неғұрлым сапалы деңгейге көтеру» мәселесін атап көрсеткен болатын. Оқушылардың денсаулығының нашарлауы және олардың дене дайындығы деңгейінің төмендеуі педагогикалық жоғары оқу орындарындағы студенттердің кәсіби даярлығына жаңаша тұрғыдан келудің қажеттілігін шарттайды. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында (2007 ж.) ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім беру және оның шығармашылық, рухани және тән күш-қуатын жетілдіру, жеке тұлғаның жан-жақты дамуына жағдай жасау міндеті көзделген.

Бұл міндеттердің ойдағыдай жүзеге асырылуы педагогикалық жоғары оқу орындарының жаңа тұрпаттағы мұғалімді, яғни шығармашылық ойлау қабілеті, кәсіби-педагогикалық біліктілік деңгейі жоғары, рухани дамыған педагог – маманды даярлау мәселесіне жаңа тұрғыдан келуіне тікелей байланысты.

Салауатты өмір салтына үйретудің үлгілері (медициналық, білімдік, саяси және т.б.) жеке тұлғаның еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігінің факторы және адамның өзін-өзі жүзеге асыруы мен бақытты болуының шарты ретінде қарастырылып, сынақтан өткізілуде. Сонымен қатар педагогикалық іс-әрекеттің тиімділігі мен нәтижелілігін қамтамасыз ететін шешуші шарттардың бірі мұғалімнің мықты рухының және денінің саулығына негізделетін жалпы еңбекке қабілеттілігі болып табылады.

Педагогтың біртұтас дене мәдениетін тәрбиелеу мәселесі елдегі әлеуметтік-демографиялық жағдайға, сонымен қатар негізгі белгілері оқыту процесінің жоғары психикалық және дене күшін, маманның жоғары жауапкершілігін, білім беру жүйесіндегі педагогтың жоғары деңгейдегі денсаулықты қалыптастырушы кәсібилігін қажет ететін білім беру кеңістігінің педагогикалық - психологиялық факторларына да байланысты екендігі туралы мәселені өзектендіре түседі.

Жоғары педагогикалық оқу орындары оқушылардың денсаулығына байланысты мәселелерге белгілі бір назар аударады.

Дегенмен мұғалімдерде өскелең ұрпақтың дене мәдениетін тәрбиелеуге, олардың денсаулығындағы кеңінен таралған ауытқулардың алдын алуға мүмкіндік беретін практикалық қабілеттер мен дағдылардың қалыптастырылуы жүзеге асырылмауда. Педагогтарды даярлау стандарты мұғалімдердің дене мәдениетін қалыптастыру бойынша қандай да бір сауықтыру іс-шараларын өткізу бойынша іс-әрекетінің тиімділігін бағалау мәселелерін қарастырмайды.

Теория мен тәжірибе педагогикалық іс-әрекеттің мәндік ерекшеліктерін анықтау оның әкімшілік билікке ғана емес, сонымен қатар рухани беделге құрылатындығына басты назар аударылатындығын көрсетті. Сондықтан рухани мәдениет өзінің барлық ерекшеліктерімен бірге басым сипатқа ие болады. Болашақ мұғалімдердің денсаулықты қалыптастырушы тұлғалық - кәсіби дамуының мақсатын, мазмұны мен тәсілдерін анықтайтын рухани мәдениетті қалыптастырудың қажетті шарты ретінде дене тәрбиесі процесінде жүзеге асырылатын қозғалыс әрекетін қарастыруға болады. Сонымен қатар мұғалімдерді кәсіби даярлау жүйесіндегі дене тәрбиесінің теориясы мен тәжірибесіне ізгілендіру үрдісі әсерінің күшеюі анық байқалады. Бұл, өз кезегінде, рухани және дене тәрбиесінің интеграциясын, оның дене мәдениетін қалыптастырудағы мүмкіндіктерінің зерттелуін шарттайды.

Өскелең ұрпаққа саналы тәрбие беру, олардың рухани күштерін жетілдіру арқылы өзін-өзі тану және тәрбиелеу, терең ой-сана мен дене мәдениетін қалыптастыру мәселелері көрнекті ғұлама – ойшылдар Әл-Фараби, Ж.Баласағұни, Қ.А.Ясауидің және т.б. еңбектерінде көрініс тапқан. Сонымен қатар қазақ ағартушылары Ы.Алтынсариннің, А.Құнанбаевтың, Ш. Уәлихановтың еңбектерінде де бұл мәселеге үлкен мән беріледі. Дене тәрбиесі мен рухани тәрбиені өзара сабақтастықта пайдалану туралы құнды пікірлер А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, Ш.Құдайбердиевтің еңбектерінде зерделенген.

Педагогикалық жоғары оқу орындарындағы болашақ мұғалімдерді даярлау мәселелері мен оның жекелеген аспектілері В.А.Сластенин, Н.В.Кузьмина, Н.Д.Хмель, В.С.Ильин, Б.Т.Лихачев, Г.К.Нұрғалиева, К.А.Дүйсембаев, Қ.Б.Бөлеев, А.А.Қалыбекова және т.б.; студенттерге рухани - адамгершілік тәрбие беру мәселесі И.Ф.Харламов, К.И.Болдырев, М.А.Данилов, А.А.Калюжный, Е.В.Бондаревская, Э.И.Монозсон, В.А.Ким, А.А.Бейсенбаева, Р.К.Төлеубекова және т.б. бірқатар еңбектерде қарастырылған.

Интеграциялау бағыттары тәрбие мен оқытуға кешенді тұрғыдан келу (Ю.К.Бабанский, Э.М.Моносзон, М.М.Поташник және т.б.); дамыта және тәрбиелей отырып оқыту (И.Я.Лернер, Б.Т.Лихачев және т.б.); мектептегі және жоғары оқу орнындағы оқыту мен тәрбиенің сабақтастығы (П.И.Пидкасистый, В.Э.Тамарин және т.б.); эвристикалық бағдарламалаудың теориясы мен әдістемесін дайындау (В.И.Андреев) мәселелерін және басқа да көптеген бағыттарды зерттеуде көрініс табады.

Педагогика саласындағы интеграциялау процестері қазіргі уақытта ерекше маңызға ие болып, олардың мәнін түсіну және саналы түрде реттеу өзекті мәселеге айналуда. Педагогикалық әдебиеттерде интеграциялау мәселесінің дидактикалық, әдістемелік және тәрбиелік аспектілері А.П.Беляева, М.Н.Берулава, Б.С.Гершунский, И.Д.Зверев, В.Г.Разумовский, Ю.С.Тюнников және т.б. еңбектерінде ашып көрсетілген. Пәнаралық байланыстарды ескеру негізіндегі кәсіби-педагогикалық білім берудің теориясы мен тәжірибесін дайындау мәселесіне О.А. Абдуллина, Ю.К. Бабанский, В.В. Давыдов, М.А. Данилов, И.Д. Зверев, И.Я. Лернер, М.И. Махмутов және т.б. қомақты үлес қосты.

Дене тәрбиесі мен спорттың теориясы мен тәжірибесінде жеке тұлғаның дене мәдениетін қалыптастыру мәселелері дене белсенділігінің тұжырымдамасы (В.К.Бальсевич, Б.А.Тойлыбаев, О.А.Аяшев, Ж.К.Оңалбек, Оразов Ш.Б.), дене мәдениеті бойынша білім берудің мазмұны, құралдары мен әдістері туралы түсініктер (Б.А.Ашмарин, Л.П.Матвеев және т.б.); жеке тұлғаның дене мәдениетінің теориясы (М.Я.Виленский, В.М.Выдрин, В. И.Столяров) дайындалған.

Қазіргі уақытта мектептегі және жоғары оқу орнындағы дене тәрбиесі бойынша білім берудің жеке тұлғаға бағдарланған технологиялары жобаланып, дене мәдениетінің мәні мен интеграциялану бағыттары (Л.П.Матвеев, Ю.М.Николаев, А.Б.Нұрлыбекова) зерттелуде. Сонымен қатар мектеп оқушыларына интеграцияланған валеологиялық білім берудің мәні мен мазмұны туралы зерттеулер (И.И.Брехман, В.В.Колбанов, Ж.З.Торыбаева және т.б.) де бар.

Сонымен қатар денсаулық, салауатты өмір салты мәселесі бойынша мамандар қоғамдағы әлеуметтік-саяси, әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік-демографиялық жағдайға және оқушылардың аурушаңдығын төмендетуге ықпал ететін, мұғалімдердің дене мәдениетін қалыптастыратын факторлардың өз деңгейінде зерттелмегендігін алға тартады. Болашақ мұғалімдердің дене мәдениетін қалыптастыру жүйесі дайындалмаған. Теорияда педагогикалық білім беру жүйесіндегі кәсіби даярлыққа сәйкес мұғалімнің денсаулықты қалыптастырушы функциясына байланысты мәселелер қазіргі уақытқа дейін өз шешімін таппаған. Қазіргі мұғалім оқыту іс-әрекетін жүзеге асырумен қатар үнемі жұмысқа қабілеттіліктің жоғары деңгейін сақтауы қажет, өйткені баланың оқуы мен оның денсаулығының сақталуы осыған байланысты. Білім беруді ізгілендіру және гуманитаризациялау, рухани тәрбиенің басымдылығы идеяларының аясында дамыта отырып оқыту мен тәрбиелеудің қазіргі денсаулық сақтаушы және денсаулық қалыптастырушы технологияларды жүзеге асыру тұрғысынан мұғалімдердің тұлғалық – кәсіби дамуы процесіндегі педагогикалық интеграциялаудың мәні жөніндегі мәселе әлі толығымен ашылған жоқ.

Осыған сәйкес кәсіби іс-әрекетке қажетті рухани, дене және денсаулықты қалыптастырушы мүмкіндіктері бар мұғалімдерге деген объективті қажеттілік пен жоғары оқу орындарындағы болашақ мұғалімдерді даярлаудың осы міндетті шешуге бағытталмаған қалыптасып қалған қисынының арасында қарама-қайшылық туындайды. Бұл қарама-қайшылықтан мынадай зерттеу мәселесі келіп туындайды: кәсіби даярлықтың қазіргі талаптарына жауап беретін болашақ мұғалімдердің рухани және дене тәрбиесін интеграциялаудың алғышарттары мен технологиялық механизмдері қандай?

Зерттеу мақсаты: болашақ мұғалімдерді тұлғалық-кәсіби дамыту процесінде рухани және дене тәрбиесін интеграциялаудың мазмұны мен технологиясын теориялық тұрғыдан негіздеу және эксперименттік сынақтан өткізу.

Зерттеу объектісі – педагогикалық оқу орындарындағы болашақ мұғалімдерді тұлғалық-кәсіби дамыту процесі.

Зерттеу пәні - педагогикалық оқу орындарындағы болашақ мұғалімдерді тұлғалық-кәсіби дамыту процесінде рухани және дене тәрбиесін интеграциялау.

Зерттеудің ғылыми болжамы:

Егер педагогикалық оқу орындарындағы дене тәрбиесі оқытушы мен студенттің өзара іс-әрекеті ретінде ұғынылып, болашақ мұғалімдердің әртүрлі функцияларды жүзеге асыруға дайындығын қалыптастыру мақсатымен өзін-өзі өзгерту және өзін-өзі дамыту процесінің құндылықтарын игеруге бағытталатын болса;

болашақ мұғалімдердің рухани және дене тәрбиесін интеграциялаудың алғышарттары рухани, дене және тұлғалық - кәсіби дамуды шарттайтын денсаулықты білім берудің негізгі құндылығы ретінде негіздеуге бағдарланса;

болашақ мұғалімдердің рухани және дене тәрбиесін интеграциялауды қамтамасыз ететін модель интеграциялаудың әлеуметтік-мәдени, психологиялық және педагогикалық аспектілеріне сәйкес шарттар мен факторлар кешенін қамтитын болса;

болашақ мұғалімдердің рухани және дене тәрбиесін интеграциялаудың технологиясы көпнұсқалы болса және ол педагог пен студенттің субъект — субъектілік өзара іс- әрекетін жүзеге асырып, болашақ мұғалімдердің рухани, дене және кәсіби дамуын кезең бойынша өзіндік тұрғыдан анықтауға ынталандыратын болса онда педагогикалық оқу орындарындағы болашақ мұғалімдердің рухани және дене тәрбиесін интеграциялау процесі табысты жүзеге асырылуы мүмкін.

Зерттеудің міндеттері:

  1. Тұлғалық-кәсіби даму процесіндегі болашақ мұғалімдердің рухани және дене тәрбиесінің мәнін, ерекшеліктері мен деңгейлерін ашып көрсету.

  2. Педагогикалық оқу орындарындағы студенттердің рухани және дене тәрбиесін интеграциялаудың мәні мен алғышарттарын анықтау.

  3. Кәсіби –педагогикалық даярлау процесіндегі болашақ мұғалімдердің рухани және дене тәрбиесін интеграциялаудың педагогикалық моделін дайындау.

  4. Болашақ мұғалімдердің рухани және дене тәрбиесін интеграциялаудың кезеңдік технологиясын дайындау және эксперименттік сынақтан өткізу.

Зерттеудің жетекші идеясы: педагогикалық оқу орындарындағы студенттерді тұлғалық – кәсіби дамыту процесінде рухани және дене тәрбиесін интеграциялаудың ғылыми – теориялық және ғылыми -әдістемелік негіздерін дайындау денсаулықты, салауатты өмір салтын білім берудің негізгі құндылығы ретінде қарастырып, оны мақсатты түрде жүзеге асыра алатын болашақ маман тұлғасын қалыптастыруды шарттайды.

Зерттеудің әдіснамалық-теориялық негіздері: жеке тұлғаның рухани және дене тәрбиесі мен дамуы мәселесі, кәсіби педагогикалық әдеп, білім беру философиясы, жеке тұлғаны жан-жақты дамыту теориясы саласындағы отандық және шетел ғалымдарының еңбектері; тұлғаның мәдениетін педагогикалық-психологиялық құбылыс ретіндегі, дамудың тұлғаның өзін-өзі дамытуын ынталандырушы педагогикалық процесс ретіндегі, мәдениеттің әлеуметтік феномен ретіндегі көп аспектілі табиғатын ашып көрсететін философиялық, әлеуметтанушылық, педагогикалық және психологиялық тұжырымдамалар және т.б.

Зерттеу әдістері: теориялық - анализ, синтез, аналогия, жобалау, модельдеу, жүйелік тұрғыдан келу әдістері; эмпирикалық - бақылау, сауалнама әдістеріне, сонымен қатар болашақ мұғалімдердің оқу, рухани, дене және дене тәрбиесі-спорттық іс-әрекетінің нәтижелерін, құжаттарды зерделеуге негізделген әдістер; эмпирикалық әдістердің жекелеген әдістері осы деңгейдегі жалпы әдістермен – педагогикалық оқу орындары оқытушыларының жұмыс тәжірибесін зерделеу және жалпылау, эксперттік бағалау, педагогикалық эксперимент, диагностикалық тапсырмаларды талдау әдістерімен толықтырылды.

Зерттеу көздері: зерттеу мәселесі бойынша философтардың, психологтардың, педагогтардың және дене тәрбиесі бойынша мамандардың ғылыми еңбектері, ресми материалдар мен құжаттар (ҚР Конституциясы, ҚР «Білім туралы» Заңы, ҚР 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы, ҚР «Қазақстан-2030» даму стратегиясы, ҚР білім беру ұйымдарында тәрбие берудің кешенді бағдарламасы, «Дене тәрбиесі» тұжырымдамасы және т.б.), оқу-әдістемелік әдебиеттер, мерзімді баспа материалдары, бағдарламалар, озат педагогикалық тәжірибе, автордың педагогикалық—зерттеушілік тәжірибесі.

Зерттеудің негізгі кезеңдері:

Бірінші кезең (2005-2006 ж.ж.) – дайындық кезеңі. Бұл кезеңде зерттеудің ұғымдық аппараты қалыптастырылды; рухани және дене тәрбиесінің теориясы мен тәжірибесі, педагогикалық интеграция мәселесі бойынша отандық және шетел әдебиеттеріне талдау жасалды; эксперименттік материалдар дайындалды; анықтаушы эксперимент жүзеге асырылды.

Екінші кезең (2006-2008 ж.ж.) — қалыптастырушы эксперимент кезеңі. Мұның аясында педагогикалық эксперимент өткізіліп, эксперименттік мәліметтерді жинақтау жүзеге асырылды.

Үшінші кезең (2008-2009 ж.ж.) – эмпирикалық мәліметтерді өңдеу кезеңі. Жинақталған материал жүйеленіп, жалпыланды және оның теориялық негіздемесін дайындау (статистикалық өңдеу, салыстырмалы талдау, алынған мәліметтерге түсініктеме беру) жүзеге асырылды.

Зерттеу базасы: М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, М.Әуезов атындағы ОҚМУ колледжі.

Тәжірибелік-эксперименттік жұмысқа жоғары оқу орындарының 55 оқытушысы мен 950 студенті қатысты.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы:

- педагогикалық оқу орындарындағы студенттердің рухани және дене тәрбиесінің мәні мен ерекшеліктері ашып көрсетілген;

-педагогикалық оқу орындарындағы студенттердің рухани және дене тәрбиесін интеграциялаудың алғышарттары анықталған;

-құндылықты денсаулықты қалыптастырушы негіздегі болашақ мұғалімдердің рухани және дене тәрбиесін интеграциялаудың деңгейлік моделі дайындалған;

-білім берудегі негізгі құндылық ретіндегі денсаулыққа негізделе отырып, педагогикалық оқу орнындағы студенттердің рухани және дене тәрбиесін интеграциялаудың көпнұсқалық технологиясы дайындалған.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы: зерттеу жұмысының барысында алынған нәтижелер мен олардың негізінде дайындалған нақты ғылыми-әдістемелік ұсыныстар болашақ мұғалімдерді тұлғалық-кәсіби дамыту процесінде рухани және дене тәрбиесін интеграциялаудың тиімділігін арттыруға ықпалын тигізеді. Дайындалып, сынақтан өткізілген «Болашақ мұғалімдерді тұлғалық-кәсіби дамыту процесінде рухани және дене тәрбиесін интеграциялау» атты арнайы курс бағдарламасын, студенттердің рухани және дене тәрбиесін интеграциялаудың деңгейлік моделі мен технологиясын, сонымен қатар зерттеу материалдарын педагогикалық оқу орындарының іс-әрекетінде, педагог мамандардың біліктілігін жетілдіру және қайта даярлау мекемелерінің тәжірибесінде пайдалануға болады.

Қорғауға ұсынылатын қағидалар:

1.Педагогикалық оқу орындарындағы студенттердің рухани және дене тәрбиесінің мәні мен ерекшеліктері.

2. Болашақ мұғалімдерді тұлғалық-кәсіби дамыту процесінде рухани және дене тәрбиесін интеграциялаудың мәні мен алғышарттары.

3. Болашақ мұғалімдердің рухани және дене тәрбиесін интеграциялаудың ғылыми негізделген деңгейлік (әлеуметтік-мәдени, психологиялық, педагогикалық деңгейлер) моделі.

  1. Болашақ мұғалімдердің рухани және дене тәрбиесін интеграциялауды жоғары оқу орындарындағы тұлғалық-кәсіби дамыту процесінде жүзеге асырудың технологиясы.

Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі автордың бастапқы теориялық және әдіснамалық ұстанымдарымен, зерттеу мәселесіне сай кешенді әдіс-тәсілдердің пайдаланылуымен, зерттеу мазмұнының ғылыми аппаратқа сәйкестілігімен, эксперименттік бағдарламаның педагогикалық мақсатқа сай келуімен, зерттеу жұмысы нәтижелерінің сандық және сапалық талдануымен, экспериментке қатысқан студенттер деңгейіндегі оң өзгерістермен, болашақ мұғалімдерді тұлғалық-кәсіби дамыту процесінде рухани және дене тәрбиесін интеграциялаудың мазмұны мен технологиясы тиімділігін педагогикалық оқу орындарында эксперименттік сынақтан өткізілуімен қамтамасыз етілді.

Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және іс-тәжірибеге ендіру.

Зерттеу жұмысының материалдары мен негізгі қағидалары 2005-2009 ж.ж. Қазақстанда өткізілген Халықаралық (Шымкент, 2006) ғылыми-практикалық конференцияда талқыланып, «Ізденіс», «Білім-Образование», «Ұлт тағылымы», «Қазақстанның ғылыми әлемі», «Қазақстан жоғары мектебі», «Мектептегі дене шынықтыру», «Мектеп директоры» атты ғылыми журналдарда жарияланды.

Зерттеу жұмысының негізгі қағидалары мен нәтижелері М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің ғылыми-әдіснамалық семинарында, ОҚО педагог- мамандардың біліктілігін жетілдіру және қайта даярлау, білім беруге жаңа технологияларды ендіру Орталығының ғылыми-әдістемелік кеңесінде баяндалды.

Диссертацияның құрылымы. Диссертация кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

Кіріспеде зерттеудің көкейкестілігі, мақсаты, нысаны, пәні, міндеттері, болжамы, зерттеу әдістері, кезеңдері беріліп, диссертацияның практикалық мәні ғылыми жаңалығы мен қорғауға ұсынылатын тұжырымдар берілген.

Зерттеу жұмысының «Болашақ мұғалімдерді тұлғалық-кәсіби дамыту процесінде рухани және дене тәрбиесін интеграциялаудың теориялық негіздері» атты бірінші тарауында философиялық, әлеуметтанушылық, психологиялық, педагогикалық және ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге талдау жасау негізінде педагогикалық білім беру жүйесіндегі негізгі мәдениеттанушылық бағыттар анықталады; болашақ мұғалімдердің рухани және дене тәрбиесінің мәні мен оларды интеграциялаудың алғышарттары ашып көрсетіледі; «тәрбие», «құндылық», «интеграциялау», «рухани және дене тәрбиесін интеграциялау» ұғымдарының мәні нақтыланады; болашақ мұғалімдердің рухани және дене тәрбиесінің мәні мен оларды интеграциялаудың алғышарттары анықталады; жеке тұлғалық-кәсіби дамыту процесіндегі болашақ мұғалімдердің рухани және дене тәрбиесінің ерекшеліктері мен деңгейлерін ашып көрсетіледі; кәсіби – педагогикалық даярлау процесіндегі болашақ мұғалімдердің рухани және дене тәрбиесін интеграциялаудың педагогикалық моделі ұсынылады.

Зерттеу жұмысының «Болашақ мұғалімдерді тұлғалық - кәсіби дамыту процесінде рухани және дене тәрбиесін интеграциялаудың технологиясы» деп аталатын екінші тарауында болашақ мұғалімдердің рухани және дене тәрбиесін интеграциялаудың әртүрлі кезеңдеріндегі оқытудың формалары мен құралдарын таңдау қисыны негізделеді; болашақ мұғалімдердің рухани және дене тәрбиесін интеграциялаудың тиімділігін қамтамасыз ететін технологияны тәжірибе жүзінде тексерудің нәтижелері баяндалады.

Қорытындыда теориялык және практикалық, эксперименттік жұмыстардың нәтижесіне негізделген тұжырымдар мен ұсыныстар берілген.

Қосымшада эксперименттік жұмыстың жекелеген материалдары ұсынылған.



следующая страница >>