uzluga.ru
добавить свой файл
Қазтұтынуодағы

Қарағанды Экономикалық Университет



БЕКІТЕМІН

Бірінші проректор - оқу - әдістемелік жұмыс бойынша проректор э.ғ.к., профессор Бұғыбаева Р.О.

________________________

«____»______________2010 ж.

КЕЛІСІЛДІ

Жаңа технологиялар және

аралық оқыту бойынша

проректор, п.ғ.д., профессор Ибышев Е.С.

________________________

«____»______________2010 ж.



СИЛЛАБУС

БАКАЛАВРИАТ


Пән: PRPS 4221 «Өндіргіш күштерді орналастыру мәселелері»

Мамандық: 05В1000 Мемлекеттік және жергілікті басқару

Экономикалық теория және ХЭ кафедрасы


Барлығы 3 несие (еңбек сыйымдылығы 135 сағат)


Дәріс 15 сағат

Семинарлық сабақ 30 сағат

СӨЖ 90 сағат

СӨЖО 30 сағат


Қарағанды - 2010


Үлгі 2


Силлабус 050510 «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының жұмыс оқу жоспарының, «Өндіргіш күштерді орналастыру мәселелері» орналастыру проблемелары» пәнінің типтік бағдарламасы, ҚЭУҚ–МИ–85–05.01.-2007 пәннің оқу әдістемелік кешенінің құрылымына қойылған талаптар негізінде э.ғ.к., аға оқытушы Жанбекова З.Х. құрылған.


Экономикалық теория және халықаралық экономика кафедрасының оқу әдістемелік отырыснда қарастырылған


«10» маусым 2010 ж. Хаттама № 10


Кафедра меңгерушісі Жетпісбаева М.Қ.


Оқытушылар туралы мәліметтер:

Жанбекова З.Х. «Муниципалды менеджмент», «Өндіргіш күштерді орналастыру мәселелері», «Әлеуметтік саланы реттеу», «Экономикалық теория негіздері» және т.б. пәндерінен дәріс және семинарлық сабақтарды жүргізеді.


Офисі: Қарағанды экономикалық университеті, экономикалық теория және халықаралық экономика кафедрысы, кабинет № 266

Тел: 44 16 24 ішкі(143)


Үлгі 3

Пәннің сипаттамасы

Пәнді оқыту мақсаты. Елді экономикалық өсумен қамтамасыз ету үрдісі тек өндірістік күштердің дамуымен ғана емес, сонымен бірге олардың оңтайлы орналастыруына да байланысты екені бәрімізге мәлім. Ал олардың оңтайландырудың қамтамысыз ету, басқару және зерттеу құрылымдарының экономистері қоғамның өндірістік күштерін ұтымды пайдаланудың ұйымдыстырушылқ-әдістемелік негіздерін дұрыс меңгеруін талап етеді.

Сондықтан да осы негіздерді оқып үйренудің 050510 «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы студенттеріне «Өндіргіш күштерді орналастыру мәселелері» арнайы курсын оқытудың басты мақсаты болып табылады. Институционалды өзгерістердің динамикасы және нарықтық қатынастар сферасының кеңею жағдайында бұл проблемалар макроэкономикалық деңгейде шешілуі тиіс және бұл орталық және жергілікті басқару органдарының прерогативі болып табылады, олар ғылыми зерттеу нәтижелері базасында және жалпы мемлекеттік мүдделерге сәйкес шешіледі.

Пәнді зерттеп-білу міндеттері. Аталмыш пәнді зерттеп білудің негізгі міндеттері:

  • қоғамның өндірістік күштерді ұтымды орналастыру;

  • РҚ өндіргіш күштерді орналастыру схемасын құрастыру проблемаларын зерттеу;

  • ҚР өндіргіш күштерді орналастыру схемасын құрастыру әдістерін оқу;

  • Қазақстандағы ырықтандыру процесіндегі экономикалық реформалардың негізгі бағыттарын оқу;

  • ҚР өндіргіш күштерді орналастыру концепциясын меңгеру және т.б.

Пәннің пререквизиттері: «Мемлекеттік жергілікті басқару».

Пәннің постреквизиттары берілген пәнді зерттеу үшін: нарықтық қатынастардағы қоғамның өндіргіш күштерді ұтымды пайдалануда ғылыми-теориялық және ұйымдастырушылқ-әдістемелік сипаттарын білу керек.

Пәннің әдістемесі оның ерекшеліктері мен мақсаттарды зерттеуімен анықталады. Осыған байланысты оқу әдістемелері қолданылады: ситуациялық тапсырмалар, кейс-әдістер, тест сұрақтары, глосарий.


Үлгі 4

Білім беруді бағалаудың саясаты мен процедурасы

Пәнді оқыту жазбаша емтихан алу арқылы қорытындылады. Емтиханға жіберудің негізгі түйіні барлық бағдарламада көрсетілген жұмыстарды орындау.

Жетілік және қорытынды бақылауға 60 % беріледі, аралық аттестацияға 40 % беріліп, 100%- ды құрайды, яғни қорытынды баға мына формула бойынша анықталады:

И% = Р12/2 х 0,6+Э х 0,4

Мұнда:

Р1 – бірінші рейтингтік бағаның пайыздық мазмұны;

Р2 – екінші рейтингтік бағаның пайыздық мазмұны;

Э – бірінші рейтингтік емтихандық бағаның пайыздық мазмұны.

Қорытынды балл пән бойынша % анықталады.

Барлық бақылау жетілік, қорытынды және жиынтық арқылы орындалады.

Қорытынды баға төмендегі кестеге қарап қойылады.

Студенттің білімі, игеруі, дағдысы келесі жүйе бойынша бағаланады:

Әріптік жүйе бойынша баға

Балдардың сандық эквиваленті

Пайыздық құрамы

Дәстүрлі жүйе бойынша баға

А

4.0

95-100

Өте жақсы

А-

3.67

90-94

В+

3.33

85-89

Жақсы

B

3.0

80-84

В-

2.67

75-79

С+

2.33

70-74

Қанағат

C

2.0

65-69

С-

1.67

60-64

D+

1.33

55-59

D

1.0

50-54

F

0

0-49

қанағат емес


Білім алушылар білімін бағалау критериялары

«А», «А-» («өте жақсы») – егер білім алушы барлық бағдарламалық материалды тереңнен игеріп, сәйкесінше, оны еш бұлжыьпай баяндай білсе, тапсырма типі өзгерген кезде жауап беру барысында қиналмаса, қойылған мәселелерді еркін шеше алса, монографиялық материал білімін көрсетсе, қабылданған шешімдерді дұрыс негіздей білсе, тәжірибелік жұмыстарды орындауда жанжақты дағды және ептіліктерді меңгере білсе, қателіктерді жібермей, материалды дербес талқалй білсе аталмыш баға қойылады;

«В+» «В», «В-» («жақсы») – егер білім алушы бағдарламалық материалды нақты білсе, оны мәні бойынша сауатты баяндай білсе, сұраққа жауап беру барысында айқынсыздықтарды жібермесе, теориялық ережелерді дұрыс қолдана білсе және тәжірибелік мәселелерді шешуде қажетті дағдыларды қолдана білсе аталмыш бағалар қойылады;

«С+», «С», «С-», «D+», «D» («қанағат») – егер білім алушы тек негізгі материалды ғана меңгеріп, бірақ жекелеген бөліктерді білмесе, айқынсыздықтарды жіберсе, тұжырымдамалары жеткілікті түрде дұрыс болмаса, бағдарламалық материалды баяндауда ілеспелілікті бұзса және тәжірибелік тапсырмаларды орындауда қиналса аталмыш бағалар қойылады;

«F» («қанағат емес») – егер білім алушы бағдарламалық материалды білмесе, айтарлықтай қателіктер жіберсе, тәжірибелік жұмыстарды орындауда үлкен қиындыққа ұшыраса аталмыш баға қойылады.

Аталмыш криетрияларды оқытушы емтихан бағасын қою барысында да басшылыққа алады.

А- дан А, В-дан В+-ға дейін, D дан С+-ға дейінгі амплитуда бағаны таңдау білім алушының жоғарыда келтірілген критерияларға білімі мен ептілігінің сәйкес келуі дәрежесімен анықталады.


Апелляция процедурасы

Емтихан қорытындылары бойынша аппеляцияға арыз Регистратор атына білім алушының жеке арызы бойынша нәтижені жариялағаннан кейін үш күн ішінде қабылданады. Аппеляцияға арыздар тіркеу бөлімінде тіркеуге алынады, онда студент аппеляцияланатын сұрақ мәні көрсетуге тиіс. Апелляция білім алушының емтихандық жауабын қайта рецензиялау жолымен кафедра жетекшісімен тағайындалатын кафедраның пәндік аппеляциялық коммиссиясымен жүргізіледі.


Үлгі 5

Пәннің бағдарламасы

Кесте 1. Сабақтардың түрлері бойынша сағаттарды бөлу





Тақырыптың атауы

Дәріс-тер

Семи-нарлық сабақтар

СӨЖО

СӨЖ

1

2

3

4

5

5



Пән, оның әдістері мен мақсаты, басқа пәндермен байланысы.




1



2



4



2



Курстың негізгі категориялары, ұғымдары мен әдістері.


1


2


4


2



Заңдылықтар, принциптер, факторлар және өндіргіш күштерді орналастырудың жалпы шарттары.


1

2

4

2



Ғылыми-техни-калық прогресс және Қ.Р.- дағы өндіргіш күштер-дің орналасуы.


1

2

4

2



Еңбек ресурстарын рационалды пайдалану.

1

2

4

2



Өндіргіш күштерді салалық орналастырудың методологиялық негізі.

2

4

8

4



Қазақстандағы өндіріс, оның тер-риториалдық өндірісінің формалары.

1

2

4

2



Жанармай-энергетикалық комплекс салаларын орналастыру.

1

2

4

2



Металлургиялық комплекстің орналастырылуы және дамуы.

1

2

4

2



Агроөнеркәсіптік комплекс.

1

2

4

2



Транспорттық комплекс.

1

2

4

2



Кластерлер ҚР-да өндіргіш күш-тердің террито-риалды ұйымдас-тырылуы ретінде.

1

2

4

2



Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының көрінісі.



1

2

4

2



2015 жылға дейін Қазақстанда өндіргіш күштерді орналастыру стратегиясы.


1

2

4

2





БАРЛЫҒЫ:


Дәріс-тер


Семи-нарлық сабақтар


СӨЖО


СӨЖ








15



30



90


30