uzluga.ru
добавить свой файл
1 2 ... 10 11
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 17 тамыздағы № 1059 Қаулысы


"Казахстанская правда" от 13.09.2012 г., № 308-309 (27127-27128); от 15.09.2012 г., № 312-313 (27131-27132); от 18.09.2012 г., № 314-315 (27133-27134)




      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                           К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң     
2012 жылғы 17 тамыздағы
№ 1059 қаулысына    
12-қосымша     

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң     
2011 жылғы 7 сәуiрдегi
№ 394 қаулысымен  
бекiтiлген     

«Атаулы әлеуметтiк көмек алушыларға өтiнiш берушiнiң (отбасының) тиесiлiгiн растайтын анықтама беру» мемлекеттiк қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттiк қызметтi мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар басқармалары, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерi (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) көрсетедi.
      Тұрғылықты жерi бойынша уәкiлеттi орган болмаған жағдайда мемлекеттiк қызмет алушы мемлекеттiк қызмет алуға кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округтың әкiмiне (бұдан әрi – селолық округтың әкiмi) жүгiнедi.
      2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттiк қызмет «Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шiлдедегi Заңының және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысымен бекiтiлген Мемлекеттiк бiлiм беру мекемелерiнiң мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң шамасынан төмен отбасылардан шыққан бiлiм алушылары мен тәрбиеленушiлерiне және жетiм балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемдi талап ететiн отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлiнетiн қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидаларының негiзiнде көрсетiледi.
      4. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң тәртiбi туралы толық ақпарат:
      1) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң http:/www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында;
      2) уәкiлеттi органның, селолық округ әкiмiнiң стендiлерiнде, ресми ақпарат көздерiнде орналастырылады.
      5. Мемлекеттiк қызмет алушы алатын көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесi ағымдағы тоқсанда атаулы әлеуметтiк көмек алушыларға мемлекеттiк қызмет алушының (отбасының) тиесiлiгiн растайтын анықтама, не қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз жеткiзгiштегi дәлелдi жауап болып табылады.
      6. Мемлекеттiк қызмет жеке тұлғаларға – мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек алушыларға (бұдан әрi – мемлекеттiк қызмет алушылар) көрсетiледi.
      7. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi:
      мемлекеттiк қызмет алушының тұрғылықты жерi бойынша уәкiлеттi органда немесе ауылдық округ әкiмiнде мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi 11-тармақта анықталған қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап 15 минуттан аспайды;
      мемлекеттiк қызмет алушы өтiнiш берген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алуға дейiн күтудiң шектi ең көп уақыты бiр мемлекеттiк қызмет алушыға қызмет көрсетуге 15 минуттан есептегенде кезектегi адамдардың санына байланысты болады;
      мемлекеттiк қызмет алушы өтiнiш берген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алушыға қызмет көрсетудiң рұқсат берiлген ең көп уақыты – 15 минуттан аспайды.
      8. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.
      9. Уәкiлеттi органның және ауылдық округ әкiмiнiң жұмыс кестесi: демалыс және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңында белгiленген мереке күндерiн қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiн түскi үзiлiспен күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн.
      10. Мемлекеттiк қызмет мемлекеттiк қызмет алушының тұрғылықты жерi бойынша орындықтар, үстелдер, толтырылған бланкiлердiң үлгiлерiмен ақпараттық стендiлер бар, мүмкiндiктерi шектеулi мемлекеттiк қызмет алушыларға қызмет көрсету үшiн жағдайлар көзделген уәкiлеттi органның немесе селолық округ әкiмiнiң үй-жайында көрсетiледi.
      Уәкiлеттi органның немесе селолық округ әкiмiнiң үй-жайлары санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға, ғимараттардың қауiпсiздiк, оның iшiнде өртке қарсы қауiпсiздiк талаптарына сай келедi, үй-жай режимi – еркiн.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң тәртiбi

      11. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн мемлекеттiк қызмет алушылар уәкiлеттi органға және селолық округ әкiмiне мынадай құжаттарды ұсынады:
      жеке басын куәландыратын құжат:
      Қазақстан азаматтары – жеке куәлiктiң (паспорт) көшiрмесi;
      шетелдiктер және азаматтығы жоқ адамдар – шетелдiктiң Қазақстан Республикасында тұруға ыхтиярхаты және азаматтығы жоқ адамның iшкi iстер органдарында тiркелгенi туралы белгiсi бар куәлiгi.
      Салыстырып тексеру үшiн құжаттар түпнұсқалар мен көшiрмелерде не нотариалды расталған көшiрмелерде ұсынылады, содан кейiн құжаттардың түпнұсқалары мемлекеттiк қызмет алушыға қайтарылады.
      12. Өтiнiш нысаны осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес күту залындағы арнайы тағанда орналастырылады не құжат қабылдайтын қызметкерде болады. Селолық округ әкiмiнде өтiнiш нысаны құжаттарды қабылдайтын қызметкерде болады.
      13. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн қажеттi өтiнiштiң толтырылған нысаны және жеке басын куәландыратын құжаттар көшiрмесiн заңды мекенжайлары, телефоны осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген уәкiлеттi органның жауапты адамына немесе тұрғылықты жерi бойынша селолық округ әкiмiне тапсырылады. Жауапты адамдардың кабинет нөмiрлерi туралы мәлiметтер мемлекеттiк қызмет көрсету жөнiнде ақпарат жазылған уәкiлеттi органның стендiсiнде орналастырылған.
      14. Мемлекеттiк қызмет алушы өтiнiш берген кезде мемлекеттiк қызмет алушының атаулы әлеуметтiк көмек алушыларға (отбасына) тиесiлiгiн растайтын анықтама берiледi.
      15. Осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықтама беру мемлекеттiк қызмет алушының жергiлiктi жерiндегi уәкiлеттi органға (селолық округ әкiмiне) жеке өзiнiң баруы арқылы жүзеге асырылады.
      16. Мемлекеттiк қызмет алушының атаулы әлеуметтiк көмек алушыларға (отбасының) тиесiлiгiн растайтын анықтама беруден бас тарту ағымдағы тоқсанда атаулы әлеуметтiк көмек көрсету туралы мәлiметтер болмаған жағдайда жүргiзiледi.
      Мемлекеттiк қызмет берудi тоқтата тұру үшiн негiздеме жоқ.

3. Жұмыс қағидаттары

      17. Уәкiлеттi органның және селолық округ әкiмiнiң қызметi адамның конституциялық құқықтарының, қызметтiк борышын атқару кезiнде заңдылықтың сақталуына негiзделедi және сыпайылық, толық ақпарат беру, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырылады.

4. Жұмыс нәтижелерi

      18. Мемлекеттiк қызмет алушыларға мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерi осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.
      19. Уәкiлеттi органның және селолық округ әкiмiнiң жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызметтiң сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң нысаналы мәндерi жыл сайын Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң тиiстi бұйрығымен бекiтiледi.

5. Шағымдану тәртiбi

      20. Уәкiлеттi лауазымды адамдардың әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымданудың тәртiбiн түсiндiретiн және шағымды дайындауға көмек көрсететiн мемлекеттiк органдардың атауы, олардың заңды мекенжайлары, телефон нөмiрлерi, электронды поштасының мекенжайлары осы стандартқа 1, 5-қосымшаларда көрсетiлген.
      21. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайларда шағым атауы, жұмыс кестесi, заңды мекенжайлары, телефоны, электронды поштасының мекенжайы осы стандартқа 6-қосымшада көрсетiлген осы мемлекеттiк қызметтi көрсетудi ұйымдастыруға жауапты жоғары тұрған уәкiлеттi орган басшысының атына берiледi.
      22. Қызмет дөрекi көрсетiлген жағдайларда шағым кабинет нөмiрi уәкiлеттi органның немесе селолық округ әкiмiнiң ақпараттық стендiсiнде көрсетiлген уәкiлеттi орган басшысының атына берiледi. Уәкiлеттi органның жұмыс кестесi осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген.
      23. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайларда мемлекеттiк қызмет алушының заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқығы бар.
      24. Жеке тұлғаның шағымында мемлекеттiк қызмет алушының тегi, аты, әкесiнiң аты, пошта мекенжайы көрсетiледi. Шағымға мемлекеттiк қызмет алушы қол қоюға тиiс. Шағым берген кезде әрекетiне шағымданатын орган атауы немесе лауазымды адам, өтiнiш себебi мен талаптар көрсетiледi.
      Жазбаша шағыммен жүгiнген мемлекеттiк қызмет алушыға жауап алатын күнi және уақыты, өтiнiштi қарау барысы туралы ақпарат алуға болатын адамдардың байланыс деректерi көрсетiлген талон берiледi.
      25. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесi, № 8 үй, интернет-ресурсы: http://www.enbek.gov.kz.

«Атаулы әлеуметтiк көмек 
алушыларға өтiнiш берушiнiң
(отбасының) тиесiлiгiн   
растайтын анықтама беру»  
мемлекеттiк қызмет стандартына
1-қосымша          

Уәкiлеттi органдардың тiзiлiмi

Ақмола облысының уәкiлеттi органдары

Р/с


Уәкiлеттi органның атауы

Уәкiлеттi органның орналасқан заңды мекенжайы (қала, аудан, көше, үйдiң (пәтердiң) нөмiрi, электрондық пошта мекенжайы)

Қала коды және телефон нөмiрi

Жұмыс кестесi

1

2

3

4

5

1

Ақкөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесi, 8-үй akkol_ozsp@mail.ru

8-71638 2-10-48

Демалыс және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының мерекелерi туралы» заңымен бекiтiлген мереке күндерiн қоспағанда күн сайын сағат 9-00 бастап 18-00 дейiн, түскi үзiлiс сағат 13-00 бастап 14-00 дейiн

2

Аршалы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Аршалы ауылы, Тәшенов көшесi, 47-үй arshaly_rotz@koksh tau. online.kz

8-71644 2-13-76

3

Астрахан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Астрахан ауылы, Әл-Фараби көшесi, 50-үй astr_socz@kokshetau. online.kz

8-71641 2-25-34

4

Атбасар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Атбасар қаласы, Ағыбай батыр көшесi, 50-үй atb_rotziszn@kokshetau. online.kz

8-71643 2-45-69

Демалыс және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының мерекелерi туралы» заңымен бекiтiлген мереке күндерiн қоспағанда күн сайын сағат 9-00 бастап 18-00 дейiн, түскi үзiлiс сағат 13-00 бастап 14-00 дейiн

5

Бұланды ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Макинск қаласы, Некрасов көшесi, 19-үй bulandy_rozsp@mail.ru

8-71646 2-14-26

6

Егiндiкөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Егiндiкөл ауылы, Жеңiс көшесi, 6-үй egindykol_ozsp@mail.ru

8-71642 2-15-44

7

Еңбекшiлдер ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Степняк қаласы, Ленин көшесi, 64-үй oz_sp.enbek@bk.ru

8-71639 2-21-29

8

Ерейментау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Ерейментау қаласы, Кенесары көшесi, 87-үй eremzsp@mail.ru

8-71633 2-37-44

9

Есiл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Есiл қаласы, Қонаев көшесi, 5-үй esil_sobes@mail.ru sobes@kokshetau.online.kz

8-71647 2-16-57

10

Жақсы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Жақсы ауылы, Достық көшесi, 3-үй soc_zahita_21@kokshetau. online.kz socasp@mail.ru

8-71635 2-13-00

11

Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Державин қаласы, Ленин көшесi, 32-үй rusz_irk@kokshetau online.kz

8-71648 9-17-02

Демалыс және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының мерекелерi туралы» заңымен бекiтiлген мереке күндерiн қоспағанда күн сайын сағат 9-00 бастап 18-00 дейiн, түскi үзiлiс сағат 13-00 бастап 14-00 дейiн

12

Зерендi ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Зерендi ауылы, Бейбiтшiлiк көшесi, 64-үй sobes_zer_08@mail.ru

8-71632 2-11-68

13

Қорғалжын ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Қорғалжын ауылы, Балғамбаев көшесi, 9-үй kszn@kokshetau.online.kz

8-71637 2-11-83

14

Сандықтау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Балкашино ауылы, Ленин көшесi, 117-үй Sondyktau_OZSP@kokshetau. online.kz

8-71640 9-17-43

15

Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Ақмол ауылы, Гагарин көшесi, 15-үй otdelakmol@mail.ru

8-71651 3-11-10

16

Шортанды ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Шортанды кентi, Абылайхан көшесi, 22-үй shortsobes@mail.ru

8-71631 2-19-75

17

Бурабай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Щучинск қаласы, 8 наурыз көшесi, 24-үй soczachita@kokshetau. online.kz

8-716-36 4-27-68

18

Степногор қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Степногор қаласы, 4-шағын аудан soc_progr@mail.ru

8-71645 6-26-33, 6-20-30

Демалыс және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының мерекелерi туралы» заңымен бекiтiлген мереке күндерiн қоспағанда күн сайын сағат 9-00 бастап 18-00 дейiн, түскi үзiлiс сағат 13-00 бастап 14-00 дейiн

19

Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Көкшетау қаласы, Локомотивная көшесi, 9 «а»-үй Sobes_kokshe@kokshetau.online.kz

8-71623 1-92-76, 1-92-78



следующая страница >>